Инфрақұрылым

1. Инфрақұрылым қандай салалардың жұмысын қамтамасыз етеді?
Күнделікті өмір мен шаруашылықтың жұмысын қамтамасыз етеді.
2. Инфрақұрылымның құрамына қандай жүйелер кіреді?
Жолдар, электр жүйесі, су жүйесі, байланыс және транспорт.
3. Инфрақұрылым неге маңызды?
Өйткені онсыз қоғам мен шаруашылық дұрыс дамымайды.
4. Қойма шаруашылығы не үшін керек?
Тауарларды уақытша сақтап, сапасын сақтау үшін.
5. Энергиямен қамту жүйесінің рөлі қандай?
Электр қуатын тұтынушыларға жеткізу.

Қызмет көрсету жүйелері

1. Банктер қандай қызмет атқарады?
Ақшаны сақтау, беру және аудару қызметін атқарады.
2. Ақша аудару қалай жүзеге асады?
Бір адамнан екінші адамға немесе бір жерден екінші жерге аудару арқылы.
3. Дүкендердің негізгі мақсаты қандай?
Сатушы мен сатып алушыны тауармен қамтамасыз ету.
4. Асханалар қоғамда қандай рөл атқарады?
Адамдарды тамақпен қамтамасыз етеді.

Транспорт және байланыс

1. Транспорттың негізгі қызметі қандай?
Адамдар мен жүктерді бір жерден екінші жерге тасымалдау.
2. Қатынас жолдары дегеніміз не?
Адамдар, жүктер және ақпарат өтетін кеңістік пен желілер.
3. Көлік құралдарына қандай мысалдар жатады?
Автомобиль, пойыз, ұшақ, кеме және тікұшақ.
4. Транспорт тек көлік пе?
Жоқ, оған құбырлар, электр желілері және байланыс жүйелері де кіреді.