🌍 Топтық тапсырмалар: Геосаясаттағы саяси,әскери технологиясы

🔹 1-топ: Геосаяси және саяси факторлар

1. Геосаясатқа ықпал ететін факторлардың ішінде қайсысының орны ерекше?
Саяси, әскери факторлардың орны ерекше.
2. Қазіргі заманғы саяси факторлар қандай аумақтық деңгейлерде қалыптасады?
Жергілікті сипаттан халықаралық деңгейге дейінгі әртүрлі аумақтық деңгейлерде қалыптасады.
3. Қазіргі уақытта елдегі қай нәрсенің сипаты маңызды саяси ресурс болып есептеледі?
Биліктің сипаты.
4. Мемлекеттің геосаяси жағдайын нығайтатын саяси ұстанымдар мен талпыныстар қандай?
Елдің бейтарап бейбіт саясат ұстануы, әлемдегі және аймақтағы беделі мен көшбасшылыққа ұмтылысы.
5. Қазақстанның сыртқы саясатының мақсаттары, басымдықтары мен міндеттері қай құжатта айқындалған?
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында.
6. Көршілес аймақтардағы саяси тұрақсыздық елге қандай қауіп төндіруі мүмкін?
Елдің шегаралары арқылы бүлікшілердің еніп кетуіне және босқындардың ағылуына алып келуі мүмкін.
7. Саяси ресурстар туралы ақпаратты мәтін бойынша қай суреттен көруге болады?
73-суреттен.

🔹 2-топ: Әскери факторлар және тарихи мысалдар

1. Қазіргі кезде мемлекеттің әскери қуаттылығы қандай әлеуеттермен анықталады?
Теңіз, әуе, ядролық, ғарыштық және ақпараттық әлеуетімен анықталады.
2. Ядролық мемлекеттер бұл алапат қаруды іс жүзінде қолданудан бұрын неге дайын?
Ауыр зардаптарын түйсінгендіктен, оны қолданудан гөрі келіссөздерге келуге дайын.
3. Ядролық қару қандай ресурс ретінде сипатталады?
Мемлекеттің қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін геосаяси ресурс.
4. Әскери әрекеттердің болу мүмкіндігі көбінесе қандай кезеңге сәйкес келеді?
Әсіресе ұлы державалар ыдыраған кезеңге сәйкес келеді.
5. ХХ ғасырдың 90-жылдарында ыдыраған көпұлтты мемлекеттерді атаңыз:
КСРО мен Югославия.
6. 1992 жылдан бері дүниежүзі елдерінің қанша бөлігінде этностық шиеленістер болды?
Елдердің 1/3 (үштен бір) бөлігінде.
7. Югославия мен КСРО-ның ыдырауының басты айырмашылығы мәтінде қалай көрсетілген?
Югославияда (соңғысында) қарулы қақтығыстар орын алды.

🔹 3-топ: Технологиялық факторлардың ықпалы

1. Географиялық орта мен саяси үдерістер арасын не жалғастырып тұрады?
Технологиялық факторлар жалғастырып тұрады.
2. Геосаяси кеңістікті одан әрі алуан түрлі ететін жағдай қандай?
Технологиялардың әркелкі дамуы.
3. Ғаламдық байланыстарды жаңа деңгейге көтерген не?
Ғылыми-техникалық жетістіктер.
4. Қаржы және ақпарат ағындарына шегаралық бөгеттердің жойылуына не себеп болды?
Интернетті пайдаланудың арқасында жойылды.
5. Интернет арқылы таралып, адамдардың санасына кері ықпал ететін қандай қауіпті үдеріс?
Қашықтан арбау технологиялары.
6. Технологиялық фактордың геосаясатқа ықпалы қай суретте бейнеленген?
74-суретте.
7. Ядролық мемлекеттер өз қаруын қандай негізгі мақсатта ғана пайдаланады?
Саяси мақсатта, яғни қарсыласын тежеу үшін ғана пайдаланады.