🌍 Топтық тапсырмалар: Геосаясаттағы физикалық географиялық маңызы

🔹 1-топ: Физикалық-географиялық факторлар және геосаясат

1. Мемлекет саясатына географиялық факторлардың ықпалы айрықша екендігі қай атаудың өзінен көрініс тапқан?
Геосаясат атауының өзінде көрініс тапқан.
2. Ертеректе билеушілер әскери жорықтарды жоспарлауда алдын ала қандай ақпаратты жинауға тырысқан?
Жер бедері, өзен-көлдері және т.б. ақпаратты.
3. ХХ ғасырда геосаясаткерлер мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыруда не нәрселердің жетекші орын алатынын анықтады?
Географиялық орны, теңіздер мен мұхиттарға алыс-жақындығы, табиғи-климаттық жағдайлары мен табиғи ресурстары.
4. Құрлықтық шегаралары мүлдем жоқ мемлекетті мәтін бойынша мысалға келтіріңіз.
Австралия Одағы.
5. Мәтінде Австралия Одағының геосаяси жағдайы нағыз «құрлықтық» қай елмен салыстырылады?
Моңғолиямен.
6. Ел аумағының теңізбен шектесуі мен жағалауларының қолайлы сипаты мемлекетке қандай артықшылық береді?
Экономикалық дамуға ықпал етіп, геосаяси басымдылықтар береді.
7. Геосаясатқа ықпал ететін басты физикалық-географиялық факторлар кітаптың қай суретінде көрсетілген?
68-суретте.

🔹 2-топ: Қазақстанның геосаяси және геостратегиялық орны

1. Қазақстанның географиялық орны қандай аса маңызды ресурс болып табылады?
Аса маңызды саяси ресурс.
2. Қазақстанның Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасуы оның қандай маңызын арттырады?
Транзиттік (жалғастырушы) маңызын арттырады.
3. Каспий теңізі арқылы Қазақстанның қай бағыттағы шегаралары өтеді?
Батысындағы шегаралары.
4. Каспий теңізі аймағында Қазақстаннан бөлек тағы қандай елдердің саяси, экономикалық мүдделері тоғысады?
Ресей, Түрікменстан, Иран, Әзірбайжан елдерінің.
5. Көршілес елдермен шегараларды айқындауда қандай табиғи нысандар шеп қызметін атқарды?
Таулар.
6. Қазақстанның экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын негізгі стратегиялық ресурстарға не жатады?
Мұнай, табиғи газ және т.б.
7. Минералды ресурстардың мол болуы алдыңғы қатарлы елдерді неге мүдделі етеді?
Қазақстанмен экономикалық байланыс орнатуға мүдделі болуына себепші болады.

🔹 3-топ: Экономикалық және геоэкономикалық факторлар

1. Әлемдік саясаттың аса маңызды факторларының бірі не болып табылады?
Мемлекеттің экономикалық қуаты.
2. Геосаясаттағы экономикалық факторлардың маңызын зерттеген британдық географ кім?
Питер Тейлор.
3. Экономикалық басымдылық елді тағы қандай тұрғыдағы басымдылыққа алып келеді?
Идеологиялық тұрғыдағы басымдылығына алып келеді.
4. Қазіргі кезде геосаясаттың дәстүрлі негізі болған физикалық географияны біртіндеп не алмастыруда?
Геоэкономика алмастыруда.
5. Кез келген мемлекеттің экономикалық қуатын, әдетте, қандай көрсеткіштің көлемімен анықтайды?
Жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) көлемімен.
6. Халықаралық валюта қорының тізімі бойынша соңғы жылдары әлемдегі ең қуатты ел қайсы?
Қытай.
7. Қазіргі геосаясатта ел экономикасының ауқымынан бөлек тағы не нәрсе ескеріледі?
Оның әлемдік экономикаға ықпалы да ескеріледі.