🌍 Топтық тапсырмалар: Қазақстанның ірі табиғи аумақтар

🔹 1-топ: Қазақстанның ірі табиғи аудандары және физикалық-географиялық аудандастыру

1. Табиғи немесе физикалық-географиялық аудандастыру дегеніміз не?
Қазақстан аумағындағы ірі табиғи (физикалық-географиялық) аймақтарды бөлу табиғи немесе физикалық-географиялық аудандастыру деп аталады.
2. Табиғи аудандарды бөлудің негізіне қандай сипаттамалар жатады және олар қандай кешендер болып саналады?
Табиғи аудандарды бөлудің негізіне геологиялық құрылым, жер бедерінің ерекшеліктері мен климаттағы басты айырмашылықтар жатады. Демек, табиғи аудандар — геологиялық құрылымы, жер бедері және климаты бойынша бөлінетін азоналық табиғи кешендер (Қазақстанның ірі аумақтары) болып саналады.
3. Солтүстік Қазақ жазығының геологиялық құрылымы мен жер бедерінің қалыптасу ерекшелігі қандай?
Солтүстік Қазақ жазығы Батыс Сібір тақтасының жас эпигерциндік платформасының үстінде қалыптасқан. Платформаны құрлықтық және теңіздік қалың шөгінділер жауып жатыр. Оңтүстігінде (Қазақстан аумағында) жазықтың көп бөлігі қалыңдығы 500–1200 м болатын мезозой-кайнозой кезеңінің шөгінділерінен түзілген.
4. Географ ғалымдар Қазақстан аумағын қандай 9 ірі табиғи ауданға бөледі?
Осы белгілері бойынша географ ғалымдар Қазақстан аумағын 9 ірі табиғи ауданға бөледі: 1. Шығыс Еуропа жазығы; 2. Солтүстік қазақ жазығы; 3. Тұран; 4. Орал (Мұғалжар); 5. Сарыарқа; 6. Алтай тауы; 7. Тянь-Шань; 8. Жетісу Алатауы; 9. Сауыр, Тарбағатай.

🔹 2-топ: Табиғи аудандардың ерекшеліктері, өзара байланысы және оларды топтастыру

1. Аталған 9 табиғи ауданның ішінде қайсысы толығымен Қазақстан аумағында орналасқан және қалғандарының сипаты қандай?
Толығымен біздің еліміздің аумағында орналасқан табиғи аудан — Сарыарқа болып табылады. Қалған аудандар — көрші мемлекеттердің де аумағын қамтитын үлкен трансшекаралық табиғи аудандардың бөліктері болып табылады.
2. Табиғи аудандардың шегарасын не анықтайды және Шығыс Еуропа жазығы мен Сарыарқаның тектоникалық негізі қалай аталады?
Әр ауданның шегарасын геологиялық (тектоникалық) құрылымымен сипатталатын ірі жер бедерінің формалары — таулар мен жазықтар анықтайды. Мысалы, Шығыс-Еуропа жазығы ежелгі Шығыс-Еуропа платформасында қалыптасқан. Сарыарқаның тектоникалық негізін қазақстандық геологтар жас Еуразиялық платформаның қалқаны — Қазақ қалқаны деп атайды.
3. 160-суреттегі тірек сызбаға сәйкес геологиялық құрылым, жер бедері, климат және табиғат зоналары арасында қандай өзара байланыс бар?
Геологиялық құрылым пайдалы қазбалар жиынтығы мен табиғи ауданның жер бедерін анықтайды. Жер бедері климаттық жағдайларға әсерін тигізеді. Өз кезегінде климат пен жер бедері ішкі сулардың — өзендер, көлдер және мұздықтардың сипатын береді. Осының негізінде зоналық факторлардың әсерімен зоналық табиғат кешендері — табиғат зоналары қалыптасады. Зоналық табиғи кешендерді сақтап қалуда еліміздің табиғаты мен барлық жер биосферасының тұрақтылығының тірегі болып саналатын ерекше қорғалатын аумақтар (ЕҚТА) маңызды рөл атқарады.
4. Геологиялық құрылымы мен жер бедеріне байланысты Қазақстанның ірі табиғи аудандары қандай 3 топқа топтастырылады?
Еліміздің ірі табиғи аудандары 3 топқа бөлінеді: 1-топ: Ежелгі және жас платформалар аумағында орналасқан жазық табиғи аудандар (Шығыс-Еуропа жазығы, Солтүстік Қазақ жазығы және Тұран жазығы). 2-топ: Жаңа тектоникалық кезеңде аздап көтерілген, қатпарлы аймақтарда орналасқан аласа таулы табиғи аудандар (Орал (Мұғалжар) мен Сарыарқа). 3-топ: Неоген-төрттік кезеңде қатты көтерілген биік таулы аудандар (Алтай (Оңтүстік Сібір таулары), Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай (Орталық Азияның) таулары).