1. Дамыған елдерге тән «демографиялық дағдарыс» ұғымы нені білдіреді және ол Еуропа мен Жапония мысалында қалай көрінеді?
🌱Дамыған және өтпелі экономика тән елдердегі демографиялық проблемалар мүлдем басқа сипатта өрбиді. Елдердегі бұл құбылысты сипаттауда 🗺️ХХ ғасырдың 80-жылдарынан басталған демографиялық өзгерістер негізге алынады. 📋Еуропа елдерінде, Жапония және өтпелі экономика тән елдерде туу деңгейінің төмендеуі, халықтың қартаюы (егде жастағы адамдар үлесінің артуы), еңбекке қабілетті адамдар санының біртіндеп азаюы, өлім деңгейінің жоғарылауы тәрізді демографиялық проблемалар пайда болды. Ғалымдар бұл үдерісті «демографиялық дағдарыс» деп атайды. Бұл өз кезегінде халық санының тұрақталуына немесе қысқаруына алып келді (11-сызбанұсқа). Мысалы, Жапонияда 2004 жылы халық саны 127,84 млн адам болса, 2024 жылы ол 123,8 млн адамға дейін азайған.
2. Депопуляция құбылысы Шығыс Еуропа елдерінде қалай сипатталады және халықтың қартаюы мемлекеттерге қандай әлеуметтік-экономикалық міндеттер жүктейді?
🕌Халық санының қысқаруы — дамыған елдердегі маңызды демографиялық проблема болып табылады. 🗺️Табиғи өсімнің тоқталуы халық санының табиғи кемуіне (депопуляцияға) алып келеді. 📝Депопуляция әсіресе Шығыс Еуропа елдерінде күшті байқалуда: халық санының табиғи кемуі Сербияда $6\%_{\circ}$ (туу $9\%_{\circ}$, өлім-жітім $15\%_{\circ}$), Болгарияда $7\%_{\circ}$-ге (туу $9\%_{\circ}$, өлім-жітім $16\%_{\circ}$) тең. Халықтың қартаюы да маңызды демографиялық проблема. Оның себептері: туу деңгейінің төмендеуі, балалар үлесінің азаюы, адам өмірінің ұзаруы және егде адамдар үлесінің артуы. Мысалы, Монако халқының 36%-ын, Италия халқының 24%-ын егде адамдар құрайды. Егде адамдар санының артуы әлеуметтік қамсыздандыру қызметі мен зейнеткерлік қорларды ұлғайтуды қажет етеді. Бұл көптеген елдерді зейнетке шығу жасын ұзартуға мәжбүр етуде. Сондықтан бұл мәселе адамзаттың ғаламдық проблемалары қатарына жатады.