2-ТОП: Су және Жер ресурстары
1. Жерүсті суларының жылдық орташа көлемі қанша?
100,4 км³, оның 56% Қазақстанда, 44% трансшекаралық өзендер арқылы келеді.
2. Жерүсті суларының негізгі бөлігін қандай өзендер береді?
Есіл, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Жайық-Каспий бассейндері.
3. Жерасты суларының жалпы қоры?
15,56 км³.
4. Қазақстандағы ормандылық деңгейі қанша?
Ел аумағының 5%-ы.
5. 1 адамға жермен қамтамасыз етілу көрсеткіші қанша?
17 га/адамнан астам.
3-ТОП: Табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау
1. Табиғи-ресурстық әлеует (ТРӘ) дегеніміз не?
Бір аумақтың табиғат жағдайы мен ресурстарының жиынтығы, қоғамның техникалық және экономикалық мүмкіндіктеріне сай қолданылатын потенциал.
2. ТРӘ бағалау кезінде қандай көрсеткіштер қарастырылады?
Құрамы, мөлшері, сапасы.
3. Табиғи ресурстың құны қалай есептеледі?
Қор × ресурс өлшем бірлігінің бағасы.
4. Табиғатты тиімді пайдалану жолдарының бірі?
Қалдықтарды азайту немесе қайта өңдеу.
5. Ресурстарды бағалау кезінде қандай натурал бірліктер қолданылады?
Салмақ (кендер, биоресурстар), көлем (су, газ), аудан (жер ресурстары).