Информатика - Басты бет

Мәлімет

Ақпарат арналары және ақпарат түрлері Ақпарат көзі өте көп – қоршаған орта, кітап, Интернет, компьютер, газеттер мен журналдар т.б. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайтынын және қабылдай отырып тарата алатынын туралы айтып өттік. Ақпарат беруші – ақпаратты ұсынатын нысан. Ақпарат тасымалдау ақпарат арналары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат арналары Биологиялық (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері) және Техникалық (телефон, теледидар, компьютер т.б.) болып бөлінеді. Мысалы, мұғалім сабақ түсіндірсе, біз ол ақпараттарды көзбен көріп, құлақпен естиміз. Ақпарат бізге сурет, жазба және дыбыс арқылы жетеді. Ақпаратты тасымалдауға екі жақ – ақпарат беруші және ақпарат қабылдаушы қатысады. Тасымалдау сипатына қарай ақпарат екіжақты және біржақты болады. Ақпарат біржақты арна арқылы тек қана ақпарат берушіден ақпарат қабылдаушыға тасымалданады. Екіжақты арна арқылы ақпарат берушіден ақпарат қабылдаушыға және керісінше тасымалданады. Демек, ақпарат тасымалданғанда оған беруші мен қабылдаушы қатысады. Ақпаратты берілу тәсілі бойынша сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видео деп бөлуге болады. Мысалы: сөз, мәтін, әңгіме түрінде берілген ақпаратты мәтіндік ақпарат деп атаймыз. Ал сурет, сызба, кесте түрінде берілген ақпарат графикалық ақпарат деп аталады. Сандар, арнайы өлшеммен жасалынған ақпараттар, есептеулер түрінде берілген ақпаратты сандық ақпараттар дейміз. Дыбыстар арқылы жететін ақпараттар дыбыстық ақпарат деп аталады. Видео ақпараттарды теледидардан, компьютерден, смартфондардан, планшеттерден көріп жүрміз. Ақпараттың қасиеттері ...өзекі болғанымен, ертең өзектілігін жояды. Бұл мысал ақпараттың өзектілік қасиеті болатынын білдіреді. Ал енді ақпаратты біз «бүгін қойылмады» деп қана айтсақ, ол – толық емес, түсініксіз ақпарат, өйткені біз оның қайда, сағат нешеде болатынын айтпай тұрмыз. Егер ақпарат жан-жақты, толыққанды болса, онда бұл ақпарат толықтық қасиетіне ие. Егер ақпарат қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты пайдаланылса, онда ол ақпараттың құндылық қасиетін қанағаттандырады. Егер ақпарат түсінікті тілде жазылса, бұл анықтық (түсініктілік) қасиеті болып есептеледі. Қажетті ақпаратқа қолжеткізу мүмкіндігі ақпараттың қолжетімділігі деп аталады. Егер ақпарат ешкімнің пікіріне байланысты болмаса, онда бұл ақпараттар объективтілік қасиетіне ие болады. Міне, қызық! Париж қаласында информатика музейі бар. Бұл музей ұрпаққа ақпараттық технологиялардың даму тарихын көрсетеді. Музейде информатиканың тарихымен, ең алғашқы дербес компьютерлермен танысуға болады.

Тест тапсырмалары