Тіл – халықтың белгісі ретінде
Тіл – халық немесе этностың басты белгілерінің бірі. Этнос – белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан тілі мен мәдениеті ортақ, өз бірлігі мен басқа этностардан айырмашылығын түсінетін адамдар жиынтығы.
Тіл – адамдардың қарым-қатынас құралы. Ол қоғаммен бірге дамып, өзгеріп отырады. Тірі және өлі тілдер болады. Ана тілі, ұлттық тіл, мемлекеттік тіл және ресми тіл ұғымдары бар.
Бір тілде сөйлейтін әртүрлі халықтар да кездеседі. Кейде бір халық екі тілді қолданады. Бұл құбылыс қостілділік немесе билингвизм деп аталады.
Дүниежүзінде тілдер санына қарай ірі, орташа, шағын және өте аз болып бөлінеді. Тілдерді туыстық белгілері бойынша тілдік семьяларға біріктіреді.
Жазу – мәліметті тіркеу, сақтау және беру құралы. Қазақ тілінде руна, араб, латын, кириллица жазулары қолданылған. Қазіргі кезде латын жазуына көшу мәселесі маңызды.
Этнолингвистикалық білім халықтардың тілдік ерекшелігін, мәдени байлығын және өзара түсіністігін зерттеуге көмектеседі.
Этнос
Тіл
Қостілділік
Жазу
Тілдік семья
Этнолингвистика
Осы бөлімде мәтіннің қысқаша мазмұны берілген. Оң жақтағы тапсырмаларды орындап, жауаптарыңды тексер.