🌍 Топтық тапсырмалар: Дүниежүзін елдерін әлуметтік көрсеткіші

🔹 1-топ: Әлеуметтік прогресс индексі

1. Әлеуметтік прогресс индексі әлеуметтік дамудың қандай үш маңызды жағын қамтиды?
Адамның негізгі қажеттіліктері, әл-ауқат негіздері және мүмкіндіктері.
2. 2018 жылғы дүниежүзі елдерінің рейтингін құрастыруда қанша көрсеткіш есепке алынды?
12 топшаға біріктірілген 57 көрсеткіш.
3. 2018 жылғы рейтинг бойынша Әлеуметтік прогресс индексінде Қазақстан нешінші орын алды?
71-орын алды.
4. Осы рейтингте көшбасшылар қатарында қандай елдер тұр?
Норвегия, Исландия және Швейцария.
5. Қазақстан дүниежүзінде 1-орын алатын көрсеткіштердің саны қанша?
5 көрсеткіш бойынша.
6. Қазақстан 1-орын иеленетін бес көрсеткіштің кем дегенде екеуін атаңыз.
Ересек тұрғындардың сауаттылық деңгейі және мобильді желіге қосылу (сондай-ақ орта мектепке қабылданатын балалар үлесі, аштық деңгейінің төмендігі, электр энергиясының қолжетімділігі).
7. Қазақстанның білім саласындағы көрсеткіштері қандай елдерден озып кеткен?
Дамыған елдердің кейбіреуінен озып кеткен.

🔹 2-топ: Ұлттық білім беру жүйелерінің рейтингтері

1. Ұлттық білім беру жүйесінің халықаралық қауымдастықтағы беделін қандай көрсеткіш көрсетеді?
Білім беру қызметінің экспорты.
2. Халықаралық PISA жүйесі білім берудің қай деңгейіндегі жағдайға талдау жасайды?
Орта мектеп деңгейіндегі білім беру жағдайына.
3. Әлем университеттерінің халықаралық рейтингілеріндегі орны неге мүмкіндік береді?
Елдегі жоғары оқу орындарының көрсеткіштері арқылы ұлттық білім беру жүйесін бағалауға.
4. Мектептегі математика және жаратылыстану пәндерінің сапасы қай халықаралық рейтингте жарияланады?
TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) рейтингінде.
5. 2015 жылдың нәтижелері бойынша TIMSS рейтингінде Қазақстан қандай орынға ие болды?
Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер арасында орын алған.
6. Белгілі бір елдегі азаматтардың білім алу құқығын қамтамасыз етуді бағалайтын көрсеткіш қалай аталады?
Қашықтан білім берудің ауқымы.
7. Ұлттық білім беру жүйелерін бағалауда негізгі көрсеткіштерден бөлек тағы қандай жалпылама көрсеткіштер қолданылады?
Ел тұрғындарының жоғары білімге қамтылу деңгейі, білім индексі және жоғары оқу орындарындағы білім алушылар саны.

🔹 3-топ: Жұмыссыздық және еңбек нарығы

1. Түрлі себептерге байланысты толығымен еңбекпен қамтамасыз етілмейтін халық тобы қалай аталады?
Экономикалық белсенді халық (ЭБХ).
2. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша 2018 жылы әлемдегі жұмыссыздар саны қаншаға жетті?
172,5 млн адамға жеткен.
3. 2018 жылы АҚШ, Германия және Франция елдеріндегі ресми жұмыссыздық деңгейі қанша пайызды құрады?
АҚШ-та 3,9%, Германияда 3,4%, Францияда 9,2%.
4. Ресми мәліметтер бойынша 2018 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі қандай болды?
4,9%-ға тең болды.
5. Экономикалық дағдарыс байқалатын Грекия мен Испанияда жұмыссыздық көрсеткіші қандай жоғары деңгейде болды?
Грекияда 19,2%, Испанияда 15,5%.
6. Нақты жұмыссыздық деңгейі ресми мәліметтерден қалай ерекшеленеді?
Әдетте, нақты жұмыссыздық деңгейі ресми мәліметтердегіден әлдеқайда жоғары болады.
7. Жұмыссыздық дамыған елдерде еңбек нарығының қалыптасуына қандай оң әсерін тигізеді?
Жұмыс орны үшін болатын бәсеке мамандарды кәсіби шеберлігі мен білім деңгейіне орай тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.