1-ТОП: Минерал Ресурс
1. Қазақстан дүниежүзінде табиғи ресурстар қоры бойынша нешінші орында?
6-орында, бұл Қазақстанға ресурстарды өндіру мен экспорттауда үлкен артықшылық береді.
2. Мұнайдың дәлелденген қоры қанша?
4,4 млрд тонна, болашағы бар қорлар 17 млрд тонна.
3. Көмір өндірісінің негізгі көшбасшы облыстары?
Қарағанды және Павлодар облыстары – өндіріс көлемінің 91% қамтамасыз етеді.
4. Қазақстан хром қорының қанша пайызын иеленеді?
45–60% дүниежүзілік қордан.
5. Уран қоры бойынша Қазақстан қай орында?
Дүниежүзінде алдыңғы орындардың бірінде.
2-ТОП: Су және Жер ресурстары
1. Қазақстан аумағы бойынша дүниежүзінде нешінші орында?
9-шы орында, жалпы аумағы 272,5 млн га.
2. Жермен қамтамасыз етілу көрсеткіші (1 адамға)?
17 га/адамнан астам.
3. Жерүсті суларының жылдық орташа көлемі қанша?
100,4 км³, оның 56% Қазақстанда, 44% трансшекаралық өзендер арқылы келеді.
4. Су ресурстарының қанша пайызы трансшекаралық өзендер арқылы келеді?
44%, өзендер: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Жайық-Каспий бассейндері.
5. Қазақстандағы ормандылық деңгейі?
Ел аумағының 5%-ы орманмен көмкерілген.