1-топ
8 сұрақ
Ғылым — әлем, адамзат, қоғам және таным туралы объективті білімдерді жүйелеуге және негіздеуге бағытталған адамзат әрекетінің ерекше танымдық түрі.
Дүниежүзінің кейбір аймақтарында ғылымның пайда болуы V–VI ғасырлардан бастау алды.
Ғылым мифологиялық дүниетанымның жойылуына негіз болды.
Тас, қола, темір дәуірлері еңбек құралдарының тарихи даму кезеңдеріне жатады.
Алғашқы ғылыми қоғам мен академиялар XVII–XVIII ғасырларда пайда болды.
ҒТР — ғылымды өндірістің жетекші факторына айналдырған, материалдық өндірістің техникалық негіздерін түбегейлі қайта құраушы үдеріс.
ҒТР ғылым мен өндірістің арасындағы өзара байланыс арқылы дамиды, соның нәтижесінде технологиялар жетіледі.
Нәтижесінде еңбек өнімділігі артады, экономикалық үдерістерді басқарудың жаңа әдістері қалыптасады.