«Адал азамат» құндылықтары студенттің тұлғалық дамуында шешуші мәнге ие. Олар білім алушының мінезін, жауапкершілігін, тәртібін, сыйластығын және қоғамдық белсенділігін қалыптастырады. Бұл әдістеме оқу мен тәрбиені бір арнаға тоғыстырып, студенттің тек білімді ғана емес, мәдениетті, адал, еңбекқор, ұқыпты және елжанды тұлға болып өсуіне бағыт береді.
Тұлғалық даму — адамның өз мінезін басқаруы, өз ісіне жауап беруі, өзгемен дұрыс қарым-қатынас жасауы, ортада өзін ұстауы және қоғамға пайдалы болуға ұмтылуы. Осыған байланысты оқу үдерісінде құндылыққа негізделген тапсырмалар мен жүйелі тест жұмыстары маңызды орын алады.