Этикалық концептінің қоғамдағы орнын сауалнамалардың нәтижесі төңірегінде қарастыру

Этикалық концептінің қолданылу аясын зерттеу мақсатында сауалнамалар алынды. Жүргізілу барысына тоқталайық. Әдетте экспериментке қатысушылар бір аудиторияға жиналады. Қатысушыларға сөз-стимулдар беріледі. Қатысушылар сөзді оқығанда ойына келген сөздерді жазады. Яғни сөз-реакция жазылады. Экспериментті онлайн гугл-форма арқылы жүргіздік. Қатысушылар саны: 90. Оның ішінде 10-14 жас аралығындағылар 56,3% , 14-18 – 4,5%, 18-20 – 1,1%, 20-25 – 29%, 25-28 – 9% құрайды (қосымша 3).

Экспериментке қатысушылардың жас ерекшеліктері

Қамтыған сұрақтарды эксперимент түріне қарай жіктейік: «Адамның қоғам алдындағы міндеті қандай?», «Этикалық концептіге сіздің көзқарасыңыз?» Экспериментке қатысушылардың 70,5 %-ы ұлттық мүддемен байланыстыратынын атап көрсеткен. Отбасылық тәрбиемен байланыстыратын қатысушылар үлесі - 6,7 %, жеке әдеп нормаларымен байланыстыратындар- 15,4 %, «білмеймін» дегендер - 3% құраған. Сонымен қоса, қатысушыларға өз жауап нұсқасын таңдауға рұқсат берілген болатын. 1% этикалық концептіні жақсылықпен байланыстырады.

Жаһандану және мәдени әртүрлілік жағдайында әдебиет ерекше мәнге ие болады. Ол мәдени диалогтің кеңістігіне айналады, басқа ұлттардың құндылықтарын жақсырақ түсінуге ықпал етеді, сонымен бірге өзінің ұлттық бірегейлігін нығайтады.Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда көркем әдебиет басты рөл атқарады. Ол халықтың рухани мұрасын сақтайды және жеткізеді, ұлттық сана сезімін оятады, салт-дәстүрге деген құрметке тәрбиелейді. Сонымен бірге әдебиет мәдени ерекшеліктерге қарамастан адамзатты біріктіретін әмбебап этикалық категорияларды ашады. Әдебиет арқылы жастар өз халқының рухани құндылықтарымен танысады және сонымен бірге жалпыға бірдей мінез-құлық нормаларын меңгереді. Бұл өз ұлттық мәдениеті мен байланысын сақтайтын және басқа мәдениеттермен диалогқа ашық үйлесімді тұлғаны дамытуға ықпал етеді.