Үй тапсырмасы бойынша интерактивті оқу материалы
«Адам мен табиғаттың тілдескені – өмірдің үндескені.»
«Ауа райы еш уақытта жаман болмайды. Жақсы ауа райының әрқилы түрлері ғана болады.»
– Екі мәтіннің оқылуынан қандай айырмашылық байқадың?
– Бірінші мәтін ғылыми-танымдық ырғақта, сабырлы дауыспен оқылса, екіншісі эмоционалды, кідірістері анық және сөйлеу қарқыны өзгеше болды.
– Қазақ халқының ауа райын болжауынан нені байқадың? Қазір мұндай кісілер бар ма?
– Халқымыз жан-жануардың мінез-құлқы мен өсімдіктердің өзгерісіне өте абай болған. Қазірде ауылдық жерлерде табиғат құбылыстарына, жұлдыздарға қарап ауа райын болжайтын есепші қариялар кездеседі.