🌍 Топтық тапсырмалар: Кординаттары бойынша географиялық нысанды табу

🔹 1-топ: Градустық тор және оның элементтері

1. Глобус пен географиялық картадағы торлар қалай пайда болады?
Бойлық (меридиан) және ендік (параллель) жүргізілген сызықтардың қиылысуынан пайда болады.
2. Градустық тор дегеніміз не?
Глобустар мен карталардағы градустарға бөлінген меридиандар мен параллель сызықтары.
3. Градустық тордың көмегімен не істеуге болады?
Әлемдегі кез келген нысанның орнын анықтауға болады.
4. Параллель дегеніміз не?
Глобуста немесе картада экваторға параллель жүргізілген шартты сызықтар.
5. Меридиан дегеніміз не?
Глобуста немесе картада бір полюстен екінші полюске шартты түрде жүргізілетін сызық.
6. Полюс дегеніміз не?
Жорамалданған жер осінің Жер бетімен қиылысу нүктелері.
7. Жерде қандай полюстер бар және олар қайда орналасқан?
Жердің жоғарғы және төменгі жағында Солтүстік полюс және Оңтүстік полюс орналасқан.

🔹 2-топ: Экватор және меридиандарды есептеу

1. Экватор қандай сызық?
Жерді теңдей екі – Солтүстік және Оңтүстік жартышарларға бөлетін жорамал сызық.
2. Параллельдерді градуспен есептеу қай жерден басталады?
Экватордан басталады және ол 0°-ты білдіреді.
3. Меридиандарды есептеудің басы қандай меридиан болып саналады?
Гринвич меридианы (нөлдік меридиан) болып саналады.
4. Жер бетіндегі кез келген нүктенің географиялық мекенжайы неден тұрады?
Ендік пен бойлықтан тұрады.
5. Нүктенің ендігі нені көрсетеді?
Нүктенің анықталған параллельдегі орнын көрсетеді.
6. Нүктенің бойлығы нені көрсетеді?
Нүктенің нақты меридиандағы орнын көрсетеді.
7. Географиялық координаттар дегеніміз не?
Ендік пен бойлықтың қиылысқан жері (бізге керекті мекенжай).

🔹 3-топ: Географиялық координаттар, ендік және бойлық

1. Географиялық координаттар нүктенің орнын неге қатысты анықтайды?
Нүктенің экваторға және нөлдік меридианға қатысты орнын анықтайды.
2. Географиялық координаттар немен анықталады?
Градуспен анықталады.
3. Географиялық ендік дегеніміз не?
Экватордан бастап берілген нүктеге дейінгі арақашықтық (градуспен өрнектеледі).
4. Географиялық ендік қандай түрлерге бөлінеді?
Солтүстік ендік (с.е.) және оңтүстік ендік (о.е.) болып бөлінеді.
5. Географиялық бойлық дегеніміз не?
Нөлдік меридианнан (Гринвичтен) бастап, берілген нүктеге дейінгі қашықтық (градуспен өрнектеледі).
6. Географиялық бойлықтың қандай түрлері бар?
Батыс бойлық (б.б.) және шығыс бойлық (ш.б.) болып бөлінеді.
7. Картада немесе глобуста бойлықты анықтау үшін қандай сызықтар қолданылады?
Солтүстік және Оңтүстік полюстерді қосатын меридиан сызықтары қолданылады.