🔹 1-топ: Метрикалық өлшем жүйесінің қалыптасу тарихы мен дамуы
1. Ерте кездерде әртүрлі елдердің өзіндік өлшем бірліктерінің болуы қандай қиындықтар туғызды?
Көптеген елдердің тек өздеріне тән өлшем бірліктерінің болуы басқа елдермен сауда-саттық жасау кезінде түрлі қиындықтар туғызды. Өйткені бір өлшем бірлігінен екінші өлшем бірлігіне өту бәрін қайтадан есептеуді қажет етті.
2. Франция мемлекеті өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіруді қашан және не үшін қолға алды?
Бұл үдеріс XVIII ғасырдың аяғына дейін созылды. Осы кездері Франция мемлекеті сауданы дамыту үшін әртүрлі өлшем бірліктерін бір жүйеге келтіруді қолға алды.
3. Алғашқы табиғи эталондар (метр және килограмм) қалай анықталды және олар қайда сақтаулы тұр?
Бірліктер табиғи эталондардың негізінде жасалды: мысалы, бір метр – париждік меридианның 1/40 000 бөлігі, ал килограмм – 1 куб дециметр судың салмағы. Бұл эталондар Францияның Севре қаласындағы Халықаралық өлшем және салмақ бюросында сақтаулы тұр.
4. Килограммның эталоны неден жасалған және Халықаралық өлшем жүйесі (СИ) қашан енгізілді?
Килограммның эталоны – платина мен иридий қоспасынан жасалған цилиндр болып табылады. Кейіннен 1960 жылы Халықаралық өлшем жүйесінің бірлігі енгізілді (СИ – sistem international). Қазақстан мемлекеті де осы жүйенің бірлігін қолданады. Өлшем бірлігімен метрология ғылымы айналысады.
🔹 2-топ: Физикалық шамаларды өлшеу және бірліктер байланысы
1. Үлкен шамаларды (мысалы, қалааралық қашықтық пен уақытты) өлшеудің ерекшелігі неде?
Үлкен шамаларды (қалалардың арақашықтығы, уақыт өлшемі – тәулік және т.б.) метрмен немесе секундпен есептеудің қажеті жоқ. Сондықтан да Алматы мен Астана қалаларына қатынайтын пойыздың уақытын сағатпен, ал арақашықтығын километрмен есептейді.
2. 1 сағат және 1 км шамалары негізгі өлшем бірліктеріне жата ма?
Жоқ, 1 сағат және 1 км – негізгі өлшем бірліктері емес. Олар туынды немесе көмекші бірліктерге жатады.
3. Негізгі және негізгі емес өлшем бірліктерінің арасында байланыс бар ма және ол қалай өрнектеледі?
Иә, негізгі және негізгі емес өлшем бірліктерінің арасында нақты байланыс бар. Мысалы: 1 км = 1000 м, ал 1 саг = 3600 с.
🔹 3-топ: Жылдамдық рекорды және физикалық өлшеуіш аспаптар
1. Атақты желаяқ Усейн Болт 100 метрлік қашықтықта қандай әлемдік рекорд орнатты?
Усейн Болт 100 метрлік қашықтықты 9,58 сек уақытта жүгіріп өтіп, әлемдік рекорд жасады. Ол өзінің ең жоғары жылдамдығын 60–80 метрдің аралығында көрсетіп, бұл аралықты 2 секундқа жетер-жетпесте (1,61 сек) жүгіріп өтті. Оның ең жоғары жылдамдығы 44,72 км/саг (немесе 12,42 м/сек) болды.
2. Жылудың көрсеткіші қалай өлшенеді және Балқаш көліндегі судың жылыну ерекшелігі қандай?
Жылудың көрсеткішін температурамен өлшейді. Мысалы, шілде айында Балқаш көлінің орта тұсындағы температура 20°C, ал жағалауда 28°C болады. Яғни жағажайдағы судың жылынуы орталығына қарағанда 1,3 есе жоғары.
3. Тоқтың күшін есептеу үшін ғалымдар қандай аспапты ойлап тапты және оның міндеті қандай?
Ғалымдар тоқтың күшін есептеу үшін амперметр деген аспапты ойлап шығарды. Амперметр – электр тізбегіндегі ток күшін есептейтін аспап болып табылады.