🌍 Топтық тапсырмалар: Деректерді графикамен көрсету және оны талдау

🔹 1-топ: Деректерді графикамен көрсету және диаграмма түрлері

1. Кез келген зерттеуді жүргізуде графикалық бейнелерді қолданудың маңызы қандай және ақпаратты графикалық жолмен берудің ең кең тараған түрі не?
Кез келген зерттеуді жүргізуде графикалық бейнелерді қолданудың маңызы өте зор. Ақпаратты графикалық жолмен берудің ең кең тараған түрі – диаграмма.
2. Диаграммалар пішініне қарай қандай бірнеше түрге бөлінеді?
Диаграммалар пішініне қарай бірнеше түрге бөлінеді: бағаналы диаграмма; жолақты диаграмма; дөңгелек диаграмма; сызықтық диаграмма; фигуралы диаграмма.
3. Диаграмма арқылы не істей аламыз және ол әсіресе қандай кезде тиімді болып табылады?
Диаграмма арқылы көптеген деректерді көрсете және салыстіра аламыз. Әсіресе сауалнама қорытындысын, күрделі және статистикалық деректерді талдаған кезде тиімді.

🔹 2-топ: Жел өрнегі диаграммасы және оның сипаттамасы

1. Жел өрнегі дегеніміз не және оның құрылысы неге ұқсайды?
Жел өрнегі – белгілі бір жердегі көпжылдық деректердің (ай, маусым, жыл және т.б.) есебінен жел режимін сипаттайтын диаграмма. Құрылысы «раушан гүлінің» жапырақтарына ұқсайды.
2. Жел өрнегі диаграммасында желдің көрсеткіштері қалай есептеледі?
Желдің 8 бағыты бойынша оның қайта соғу көрсеткіші тәулікпен, жылдамдығы метр/секундпен (м/с), ал қайталану ұзақтығы пайызбен (%) есептеледі.
3. Мәтінде келтірілген жел өрнегі графигінен қандай қорытынды байқауға болады?
Қорытынды: Графиктегі сызықтар бойындағы әрбір кесінділер белгілі бір күндерге сәйкес. Көрсетілген кестеден батыстан соғатын жел басым екендігін байқаймыз (10 күн).

🔹 3-топ: Географиядағы картограмма әдісі және ЭЕМ-де диаграмма құру

1. Географияда графикалық картограмма әдісі қалай қолданылады және ол немен бірге беріледі?
Географияда графикалық деректерді көрсетуде көбінесе графикалық картограмма әдісін қолданады. Графикалық картограмма – диаграмманың географиялық картамен немесе сызбамен бірге берілуі (13-сурет).
2. Картограмма әдісімен картаға деректер қандай тәсілдермен және мысалдармен түсіріледі?
Мысалы, Қазақстан халқының облыс бойынша тығыздығы, әкімшілік бөлінісі, астық дақылдарының өндірісі, мәшине жасау орталықтары және т.б., картаға бояудың әртүрлі қоюлығын, белгілі бір түстің қанықтық деңгейіне байланысты (фондық картограмма) немесе нүктені (нүктелік картограмма) пайдалана отырып штрихпен (үзік сызықтар) түсіреді.
3. Графикалық картограммалар мен диаграммалар қандай бағдарламалардың көмегімен құрастырылады?
Олар компьютердегі Adobe illustrator, CorelDraw деген графикалық редактордың көмегімен түсіріледі. Ал деректерді графикалық жолмен құрастыру үшін (мысалы, Алматы қаласы атмосферасын ластайтын қалдықтар мөлшері) деректерді Microsoft Excel бағдарламасына енгіземіз. Жұмыс үстелінің бетінде «Кірістіру» («Вставка») терезесін таңдаймыз да, «Диаграмма» және оның түрлері атты жұмыс режимін табамыз.