1-жұп: Картаның анықтамасы мен элементтері
1. Жер бетінің жазықтықта кішірейтіліп, жинақы бейнеленуі не деп аталады?
Карта.
2. Карта жасаудағы басты талап не болып табылады?
Оның белгіленген кескіндеу заңдары мен ережелеріне бағынуы.
3. Картаның жақтауы қандай қызмет атқарады?
Картографиялық кескінді шектеп тұрады.
4. Дөңгелек немесе тіктөртбұрыш пішінді болып келетін жақтаудың түрі қандай?
Сыртқы жақтау.
5. Картаның ішкі жақтауы дегеніміз не?
Кескінді тікелей шектеп тұратын сызық.
6. Жер беті нүктелерінің ендігі мен бойлығы картаның қай бөлігінде жазылады?
Ішкі және сыртқы жақтаулардың арасында.
7. Картадағы бос орынға кескінді түсіндіру үшін не орналастырылады?
Шартбелгі (легенда).
2-жұп: Карталардың топтастырылуы мен түрлері
1. Шартбелгі (легенда) ұғымының мағынасы қандай?
Картада қолданылған барлық шартты белгілердің мағынасын түсіндіретін жиынтық.
2. Дүниежүзілік карталар қай белгісі бойынша топтастырылады?
Ауымақтық қамтуы бойынша.
3. Жалпы географиялық карталар нені бейнелейді?
Жер бетін ондағы барлық табиғи нысандарымен (бедері, суы, т.б.) бірге суреттейді.
4. Климаттық немесе әкімшілік карталар қай топқа жатады?
Тақырыптық карталар тобына.
5. Африканың саяси картасынан нені көруге болады?
Материкте орналасқан барлық мемлекеттердің шекарасы мен орнын.
6. Африканың саяси картасынан жер бедері мен тауларды көруге бола ма?
Жоқ, бұл картадан жер бедері де, географиялық нысандар да көрінбейді.
7. Картадағы негізгі кескіндерді толықтыру үшін қосымша не берілуі мүмкін?
Диаграммалар, кестелер және сызба суреттер.
3-жұп: Масштаб және кескін карталар
1. Картаның масштабына қарап қандай заңдылықты анықтауға болады?
Масштабтағы сан артқан сайын, картаның нақтылығы азаяды.
2. Кішігірім аумақты алып, өте нақты мәлімет беретін картаның масштабы қандай болады?
Кіші масштаб санды (ірі масштабты) болады.
3. Топографиялық карталардың масштабы қандай аралықты қамтиды?
1:10 000-нен 1:200 000-ге дейінгі аралықты.
4. Әскери істе және халық шаруашылығында көбіне қандай карта түрі қолданылады?
Топографиялық карталар.
5. Кескін картаның басқа географиялық карталардан басты айырмашылығы неде?
Онда нысандардың тек сыртқы кескіні (контуры) ғана көрсетіледі.
6. Кескін картаны толтыру кезіндегі басты талап қандай?
Нысандар баспалық картадағыдай нақты әрі өте ұқыпты түсірілуі тиіс.
7. Картадағы шартты белгілерді топтастыруда не ескеріледі?
Бейнеленген нысандардың мөлшері мен картаның масштабы.