🔹 1-топ: Жергілікті және стандартты уақыт жүйесі
1. Жер бетінің түрлі нүктелерінде неліктен өзінің жергілікті күн уақыты болады?
Жердің көлемі үлкен болғандықтан.
2. «Сағат қанша?» деген мәселеде түсінбестік болмас үшін не қабылданған?
Стандартты уақыт жүйесі қабылданған.
3. Жер шартты түрде неше сағаттық белдеуге бөлінді?
24 сағаттық белдеуге бөлінді.
4. Жер өз осінен толық бір айналым жасағанда неше градус бұрылады?
360° жасап бұрылады.
5. Жер 1 сағатта неше градусқа бұрылады?
15°-қа бұрылады (360° : 24 = 15°).
6. Меридианда 15° қашықтықта орналасқан мекендердің арасындағы уақыт айырмашылығы қандай?
1 сағатты құрайды.
7. Жергілікті уақыт дегеніміз не?
Бір меридианның Солтүстіктен Оңтүстік полюске дейінгі әрбір нүктесіндегі бірдей уақыт.
🔹 2-топ: Белдеулік уақыт және халықаралық жүйе
1. Жер 1° градусқа неше минут ішінде бұрылады?
4 минут ішінде бұрылады (60 мин : 15° = 4 мин).
2. Белдеулік уақыт қай жылы және қайда енгізілді?
1884 жылы Халықаралық астрономиялық конгресте енгізілді.
3. Белдеудің шегінде уақытты қай меридиан бойынша санау келісілген?
Белдеудің ортасынан өтетін меридиан бойынша.
4. Санауды бастау нүктесі ретінде қай меридиан алынды?
Нөлдік (Гринвич) меридианы алынды.
5. Санау басталғаннан кейін шығысқа және батысқа қарай сағаттық белдеулер қалай жүреді?
Шығысқа қарай +1, +2, +3..., ал батысқа қарай -1, -2, -3... болып жүреді.
6. Белдеулер картасында белдеулер шегі меридианнан бөлек тағы не бойынша өтуі мүмкін?
Облыстар арасындағы шегара немесе мемлекеттік шегаралар бойынша.
7. Белдеулік уақытты анықтау алгоритмінің бірінші қадамы қандай?
Картада берілген елді мекендердің қандай сағаттық белдеуде орналасқанын анықтау.
🔹 3-топ: Қазақстандағы уақыт және дата ауысу сызығы
1. 2004 жылғы 20 шілдедегі Қаулы бойынша Қазақстанда сағаттық белдеулер саны қай белдеулерге қысқарды?
4-інші және 5-інші белдеулерге қысқарды.
2. Қазақстанның көлік, байланыс, радио және теледидар жүйесінде қай уақыт қолданылады?
Қазақстандық (Астана) уақыты қолданылады.
3. Нақты уақыт белгісі қай қаладан және не арқылы беріледі?
Астанадан радио бойынша беріледі.
4. Жер шарының қай бөлігінде (шығысында ма, батысында ма) уақыт ұзағырақ болады?
Шығыста уақыт ұзағырақ болады.
5. Дата ауысу сызығы шамамен неше градустық меридианды бойлай өтеді?
Шамамен 180° меридианды бойлай, 12-ші белдеудің ортасында өтеді.
6. Дата ауысу сызығы дегеніміз не?
Полюстен полюске дейін созылатын, екі жағындағы жергілікті уақытта бір тәулікке айырмашылық болатын шартты сызық.
7. Дата ауысу сызығынан батыстан шығысқа қарай жүргенде күнтізбе қалай өзгереді?
Күнтізбені 1 күнге шегереді.