🔹 1-топ: Пайдалы қазбалардың сипаттамасы мен маңызы
1. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
Шаруашылықта пайдаланылуы мүмкін жер қойнауындағы минералдық түзілімдер (құм, көмір, мұнай, газ, гранит).
2. Пайдалы қазбаларды табумен және өндірумен кімдер айналысады?
Геологтер айналысады.
3. Гранитті қай жерде және немен өндіреді?
Бульдозер мен экскаватордың көмегімен карьерде өндіреді.
4. Көмір қай жерде өндіріледі?
Шахтада өндіріледі.
5. Кен орны дегеніміз не?
Пайдалы қазбалардың табиғи шоғырланған жері.
6. Пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің нәтижесінде біздің айналамызда қандай өнімдер пайда болады?
Ғимараттар, көлік, дәрі-дәрмек, жолдар, ыдыс-аяқ, тыңайтқыш, табиғи газ және т.б.
7. Құм, балшық, әктас, гранит пен мәрмәр негізінен қайда қолданылады?
Құрылыста қолданылады.
🔹 2-топ: Қазақстанның аймақтық пайдалы қазбалары
1. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры бойынша дүниежүзінде нешінші орында?
Алтыншы орынды иемденеді.
2. Солтүстік Қазақстан қандай кендерге бай?
Темір (Соколов-Сарыбай, Лисаков), алюминий (Краснооктябрь), алтын (Васильков) кендеріне, сондай-ақ мырыш пен асбест қорына бай.
3. Шығыс Қазақстанның пайдалы қазбаларын бірінші кезекте нелер құрайды?
Түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын) және бағалы металдар құрайды.
4. Батыс Қазақстан қандай ресурстарға бай?
Мұнай мен газға, сонымен қатар тұз қорына бай.
5. Қазақстанның басты көмір базасы қай бассейн?
Сапасы өте жоғары Қарағанды көмір бассейні (Орталық Қазақстан).
6. Оңтүстік Қазақстанда қандай маңызды кендердің үлкен шоғыры бар?
Уран және фосфор кендері шоғырланған.
7. Уран өндіру бойынша Қазақстанның әлемдегі орны қандай?
Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдегі жетекші ел болып табылады.
🔹 3-топ: Өндіріс тарихы мен ресурстардың қолданылуы
1. Қазақстандағы ең алғашқы мұнай бұрқағы қашан және қай жерде атқылады?
1899 жылы Ембі кен орнындағы Қарашұңғыл ұңғымасынан атқылады.
2. Батыс Қазақстанда Доссор және Мақат мұнай кен орындары қай жылдары игерілді?
Доссорда 1911 жылы, ал Мақатта 1915 жылы игерілді.
3. Қазақстанның негізгі газ кен орындарын атаңыз.
Қарашығанақ, Жаңажол және Қызылой.
4. Батыс Қазақстандағы тұзды күмбездердің биіктігі кейде неше шақырымға жетеді?
Кейде 2 км-ге дейін жетеді.
5. Адамзат үшін негізгі отын ретінде қандай үш ресурс қолданылады?
Көмір, мұнай және газ.
6. Түсті металдар не үшін өте қажет және олар қайда қолданылады?
Сапалы қоспалардың құрамына кіреді; микросызба, электроника және радиотехника үшін қажет.
7. Химия өнеркәсібі мұнайды қайта өңдеп, қандай жаңа өнімдер алады?
Пластмасса және фармацевтика өнімдерін алады.