🔹 1-топ: Халық саны және тарихи қоныстануы
1. Шамамен 10 мың жыл бұрын біздің ғаламшарда қанша адам тіршілік еткен?
Бар-жоғы бірнеше миллион ғана адам тіршілік еткен.
2. Қазіргі кезде Жер бетіндегі халықтың саны шамамен қаншаға жетті?
Шамамен 7,5 миллиард адамға жетті.
3. Дүниежүзі халқы Жер бетінде қалай орналасқан?
Дүниежүзі халқы біркелкі орналаспаған.
4. Ежелден халық тығыз қоныстанған қандай өзен алқаптары аталған?
Ніл, Янцзы мен Хуанхэ, Үнді мен Ганг, Тигр мен Евфрат өзендерінің алқаптары.
5. Алғашында халық Жер бетінде неге байланысты қоныстанды?
Табиғат жағдайлары мен тарихи алғышарттарға байланысты қоныстанды.
6. Қазіргі уақытта халық тығыз қоныстанған негізгі аймақтар қандай?
Батыс Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және Солтүстік Америка.
7. Бертінге дейін Жер бетінде өмір сүретін адамдардың саны қандай болған?
Аса көп болмаған.
🔹 2-топ: Қоныстану заңдылықтары мен факторлары
1. 2017 жылғы деректер бойынша дүниежүзі тұрғындарының орташа тығыздығы қанша болды?
1 шаршы км-ге 52 адамнан келеді.
2. Антарктиданы қосқанда дүниежүзіндегі орташа тығыздық қаншаны құрайды?
1 шаршы км-ге 48 адамнан келеді.
3. Адамның өмір сүруін айқындайтын ең басты шарт не болып табылады?
Еңбек болып табылады.
4. Тұрғылықты жерді таңдауға қандай түрткіжайт әсерін тигізеді?
Әлеуметтік-экономикалық түрткіжайт әсерін тигізеді.
5. Аң аулау, терімшілік және егіншілік дәуірінде адамдар қандай аумақтарға қоныстанды?
Ең жылы және тегіс аумақтарға қоныстанды.
6. Қолөнер мен сауда дами бастағанда адамдар қандай жерлерді таңдады?
Көлік қатынасына лайықты теңіз, өзен жағалауларына қоныстанды.
7. Халық тығыздығы жоғары болатын негізгі аудандар қандай?
Байырғы заманнан бері адамдар таңдап қоныстанған теңіз, өзен, мұхит жағалаулары.
🔹 3-топ: Қазақстан халқы және негізгі ұғымдар
1. 2018 жылдың сәуір айындағы дерек бойынша Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
18 212 800 адамға жетті.
2. Қазақстан халық саны бойынша мемлекеттер тізімінде нешінші орынды иеленді?
63-орынды иеленді.
3. Қазақстанда халықтың орташа тығыздығы қанша?
1 км²-ге 6,64 адамнан сәл асады.
4. Халық тығыздығы бойынша Қазақстан мемлекеттер тізімінде нешінші орында тұр?
184-ші орында тұр.
5. Демография дегеніміз не?
Халықтың қоныстану заңдылығы туралы ғылым.
6. Халықтың орналасуы дегеніміз не?
Белгілі бір аумақта халықтың орналасу үдерісі.
7. Халықтың тығыздығы деген не?
Аумақтың 1 км²-іне келетін тұрғындар саны.