🔹 1-топ: Адам қаңқасы және оның қызметі
1. Адам қаңқасы дегеніміз не?
Сүйектердің жиынтығы, тірек-қозғалыс аппаратының пассив бөлігі болып табылады.
2. Ежелгі грек философы Демокрит зерттеу үшін адам сүйектерін қайдан жинаған?
Бұзылған көне зираттан жинаған.
3. Рим медицинасының қайраткері Клавдий Галлен жалғыз адам қаңқасын көру үшін қай қалаға саяхаттап барды?
Александрия қаласына барды.
4. Адам организміндегі сүйектердің саны қаншадан асады?
200-ден асады.
5. Қаңқаның тірек қызметінің пайдасы қандай?
Дененің берік әрі орнықты тірегі болып, барлық түсетін салмақты ұстайды және дене пішінін сақтауға, тік көтеріліп ауырлық күшін жеңуге көмектеседі.
6. Бассүйек пен омыртқа адамның қандай ішкі ағзаларын қорғайды?
Бассүйек миды және сезім органдарын, ал омыртқа жұлынды қорғайды.
7. Қабырғалар қандай ағзалардың зақымдануының алдын алады?
Жүрек, өкпе және қантамырлардың зақымдануынан қорғайды.
🔹 2-топ: Бұлшық еттер мен сіңірлердің құрылысы
1. Адамның қозғалыс аппараты неден тұрады?
Сүйектен және олардың бұлшық етпен арасын жалғастырушыдан тұрады.
2. Қозғалыс аппаратындағы белсенді (актив) бөлікке не жатады?
Бұлшық еттер жатады.
3. Бұлшық ет қандай бөліктерге ажыратылады?
Бұлшық ет тіні мен сіңірге ажыратылады.
4. Бұлшық еттің қай бөлігі жиырылу және босаңсу қабілетіне ие?
Бұлшық ет бөлігі (тіні) ие, ал сіңір жиырылмайды.
5. Сіңірдің негізгі атқаратын қызметі қандай?
Бұлшық еттің әрекетін жеткізеді және оны сүйекке бекітеді.
6. Беттің кейбір бұлшық еттері сүйектен басқа тағы неге беки алады?
Теріге бекиді.
7. Біздің денеміздің кез келген қозғалысы неге байланысты және оған энергия қайдан алынады?
Бұлшық еттердің жұмысына байланысты, ал оған энергия тамақ ішу арқылы алынады.
🔹 3-топ: Биомеханика және иінтіректер
1. Биологиядағы «иінтірек» дегеніміз не?
Қозғалмайтын нүктенің айналасында айналу мүмкіндігі бар кез келген қатты дене.
2. Қозғалыс аппаратында иінтірек, тірек нүктесі және күш қызметін не атқарады?
Сүйектер – иінтірек, буындар – тірек нүктесі, ал бұлшық еттер – иінтірекке салынған күш.
3. Адам денесіндегі тепе-теңдік иінтірегіне не мысал бола алады?
Адамның бассүйегі мысал бола алады.
4. Күш иінтірегінде қозғалыс күші мен қарсыласу күші иінтіректің қай жеріне түседі?
Қозғалыс күші иінтіректің ұзын иініне, ал қарсыласу күші қысқа иініне түсіріледі.
5. Күш иінтірегіне адам денесінен қандай мысал келтірілген?
Табан буыны мысал бола алады.
6. Жылдамдық иінтірегіне қандай буын мысал болады және оның ерекшелігі неде?
Шынтақ буыны мысал болады. Ол қысқа иінді қозғалту кезінде жылдамдық пен аралықтан ұтқанымен, күш жағынан ұтылады.
7. Спорттың қай түрлері қаңқадағы күш және жылдамдық иінтіректерінің ерекшелігіне көбірек көңіл аударады?
Жеңіл атлетика және ауыр атлетика спортшылары айрықша көңіл бөледі.