🌍 Топтық тапсырмалар: Біз элект энегриясының қанша мөлшерін жұмсаймыз

🔹 1-топ: Электр қуаты және энергия түрлері

1. Мәтін бойынша ең ыңғайлы энергия түріне не жатады?
Электр қуаты.
2. Электр қуаты неліктен ең ыңғайлы энергия түрі болып есептеледі?
Өйткені ол сымдар мен кабельдер арқылы өте жылдам беріледі.
3. Электр қуаты энергияның қандай басқа түрлеріне оңай ауыса алады?
Жарық, жылу, дыбыстық және қозғалыс энергияларына.
4. Мәтінде көрсетілгендей, біз бұл энергияларды күнделікті қай жерлерде қолданамыз?
Зауытта, көлікте, кеңседе, мектеп пен ауруханада және өз үйімізде.
5. Электр энергиясына тауар ретінде қандай анықтама берілген?
Энергия өткізу компанияларынан тұтынушылар алатын тауар.
6. Ватт (Вт) дегеніміз не?
Электр қуаты бірлігінің өлшемі.
7. Ғылыми есептеулерде ватт ненің көрсеткіші болып табылады?
Энергия өзгеруінің жылдамдығы (энергияның қаншалықты өзгеретіні).

🔹 2-топ: Қуат өлшем бірліктері және мысалдар

1. Физикалық өлшем бойынша 1 Вт-секунд неге тең?
1 Дж (Джоуль).
2. Қуаттың ескірген бірлігі қалай аталады және оның мәні қанша?
Ат күші, 1 ат к. = 746 Вт.
3. Қарапайым кішкентай қыздыру шамының қуаты шамамен қандай аралықта болады?
10 Вт-тан 100 Вт-қа дейін.
4. Бөлме жылытқыштың қуаты шамамен қанша Вт болуы мүмкін?
1 000 Вт.
5. Ватт бірлігі тек электр энергиясын өлшеу үшін ғана қолданыла ма?
Жоқ, ол кез келген пайдаланылған энергия түрін өлшеу үшін де қолданылады.
6. Адамға асықпай баяу жүгіру үшін қанша қуат қажет?
500 Вт.
7. Отбасылық автокөлік қозғалыс кезінде шамамен қанша қуат жұмсайды?
100 000 Вт.

🔹 3-топ: Энергияны есептеу және есептегіш құралдар

1. Үйде тұтынылатын энергияның жүздеген есе артуына не себеп болады?
Электр құралдарын 1 секундқа емес, бірнеше минутқа, тіптен бірнеше сағатқа қосатынымыз.
2. Электр энергиясын есептегіш құралдың негізгі қызметі қандай?
Электр энергиясы қуатының шығынын есептеу.
3. Есептегіш құралдың ішінде жасырылған екі негізгі аспапты атаңыз?
Қуатты анықтайтын аспап (ваттметр) және уақытты есептейтін аспап (секундомер).
4. Есептегіш құралдың шәкіл (шкала) деректері қай сәтте өзгере бастайды?
Ғимаратта электр энергиясын тұтыну басталған сәтте.
5. Есептегіш көрсеткішін мүлдем өзгертпей, тұрақты қалдырудың жолы қандай?
Электр желісінен барлық құралдар мен шамдарды ажырату керек.
6. Белгілі бір уақыт аралығындағы энергия шығынын қалай анықтайды?
Есептегіш шәкілінің кВт*сағ-пен берілген көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты табу арқылы.
7. Электр энергиясын өндіру мен тұтынудың формуласы қалай көрсетілген?
Электр энергиясы = (қуат * уақыт(сағатпен)) / 1000. Өлшем бірлігі: кВт*сағ.