🔹 1-топ: Тіршілік және оның негізгі белгілері
1. Жанды және жансыз табиғаттың айырмашылығын түсіндіру үшін қандай мысал келтірілген?
Тас пен мысық.
2. Ғылым жанды заттардың ерекшелігіне қандай үдерістерді жатқызады?
Тамақтану, тыныс алу, бөліну, көбею, қозғалғыштық, тітіркенгіштік, бейімділік, өсу және даму.
3. Қандай жағдайда тастың өсуі мүмкін?
Егер ол кристалды болып, қаныққан тұзды ерітіндіде тұрса.
4. Ф. Энгельстің анықтамасы бойынша тіршілік дегеніміз не?
Ақуызды денелердің өмір сүру тәсілі.
5. Тіршіліктің маңызды кезеңі не болып табылады?
Сыртқы ортамен тұрақты зат алмасу.
6. Ақуыздардың ыдырауына не себеп болады?
Зат алмасудың тоқтауы.
7. Организмдер қандай жолмен сыртқы энергия көздерін пайдаланады?
Тағам және жарық түрінде.
🔹 2-топ: Зат алмасу және организмнің өзін-өзі реттеуі
1. Энергия және зат алмасу дегеніміз не?
Тыныс алу, қоректену, организмнен артық заттарды бөліп шығару жиынтығы.
2. Колибри құсы пілдің тағамымен салыстырғанда қанша есе артық тағам жейді?
Массасының бірлігіне қарай жүз есе артық.
3. Колибриге аштықтан өлім қаупі төнбеуі үшін түнде організмінде қандай өзгеріс болады?
Организмі қатып қалып, зат алмасуы 10–15 есе баяулайды.
4. Колибри әуеде қалықтап тұру үшін қанатын секундына қанша рет қағады?
50–80 рет.
5. Адамның қарны ашқанда ми қандай бұйрық береді?
Тамақ іздеуге бұйрық береді.
6. Организм тояттаған кезде мида қандай үдеріс жүреді?
Ми тәбетті басып, қоректенуді тоқтатуды бұйырады.
7. Қай организмдерден басқасының барлығында жасушалық құрылым болады?
Вирустардан басқасында.
🔹 3-топ: Тірі организмдердің қасиеттері мен өзгерістері
1. Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
Организмнің бірнеше ұрпақ бойында қайталанатын сыртқы пішіні, физиологиялық және жеке басы дамуындағы ерекшеліктері.
2. Өзгергіштік ұғымының мәні неде?
Тірі организмдердің өзіне тән жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеттілігі.
3. Организмнің массасы мен көлемінің артуы қалай аталады?
Өсу.
4. Даму дегеніміз не?
Организмдегі сапалы өзгерістер.
5. Өсімдіктердің тітіркенгіштік қасиетіне қандай мысал келтірілген?
Олардың жарыққа қарай бұрылуы.
6. Күнбағыс гүлшоғыры түнде қай бағытқа бұрылып тұрады?
Шығысқа қарай.
7. Көбею үдерісінің басты маңызы неде?
Түрлердің мыңдаған жылдар бойы сақталуын және өмірдің жалғасуын қамтамасыз етеді.