🔹 1-топ: Бөліп шығару ұғымы және өсімдіктердегі бөліп шығару
1. Бөліп шығару дегеніміз не?
Организмді зат алмасудың соңғы өнімдерінен, артық судан, тұздан, бөгде және улы заттардан тазарту.
2. Организмнен бөліп шығарылатын өнімдер қандай агрегаттық күйде болады?
Газтәрізді, сұйық және қатты болады.
3. Өсімдіктерде арнайы бөліп шығару жүйесі бар ма?
Жоқ, өсімдіктерде арнайы бөліп шығару жүйесі болмайды.
4. Өсімдіктерде бөліп шығару қызметін негізінен қандай мүшелердің жасушалары атқарады?
Көбінесе жапырақ мен тамырдың тірі жасушалары атқарады.
5. Өсімдіктердегі қай мүшелердің түсуі тазарудың басты тетігі болып табылады?
Жапырақтың түсуі.
6. Өсімдіктерде артық көмірқышқыл газы сыртқы ортаға қандай процесс арқылы шығады?
Диффузия арқылы жасушааралық кеңістікке өтіп, саңылау, жасымықша мен тесіктер арқылы шығарылады.
7. Гүлдегеннен кейін өсімдіктен зиянды заттар тағы қандай мүшелер арқылы бөлінеді?
Күлте, жеміс және тұқымдар арқылы.
🔹 2-топ: Жануарлар дүниесіндегі бөліп шығару
1. Омыртқалы жануарларда көмірқышқыл газы қандай мүшелер арқылы бөлінеді?
Өкпе немесе желбезек арқылы.
2. Жануарларда су, тұздар мен азотты алмасу өнімдерін шығаратын негізгі мүше не?
Бүйректер.
3. Сүтқоректілерде су мен кейбір тұздар бүйректен бөлек тағы қайда шығарылады?
Тер шығару бездері арқылы.
4. Кірпікшелі құрттар, қосмекенділер мен сүтқоректілер азотты алмасу өнімі ретінде нені бөледі?
Несепнәр (мочевина).
5. Құрғақшылық ортаға бейімделген жануарлар (жәндіктер, құстар, бауырымен жорғалаушылар) не бөліп шығарады?
Несеп қышқылын.
6. Несеп қышқылын организмнен шығарудың басты ерекшелігі қандай?
Оны бөліп шығару үшін іс жүзінде судың мүлде қажеті жоқ.
7. Не себепті құрлық жануарлары аммиакты басқа заттарға түрлендіруі тиіс?
Тіндер мен дене сұйықтығында улы аммиактың жинақталып қалуын болдырмау үшін.
🔹 3-топ: Адамның бөліп шығару жүйесі және қызықты биологиялық фактілер
1. Адам организмінде бөліп шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?
Бүйректер, өкпе, тікішек, бауыр және тері.
2. Адамның шығару жүйесіндегі бір мүше зақымданса не болады?
Оның жұмысын басқа мүшелер бөліп атқарады (өара үйлесімді жұмыс істейді).
3. Ақуыз алмасу өнімдерін бауыр мен бүйректен басқа тағы қай мүшелер шығара алады?
Өкпе мен тері.
4. «Қолтырауынның жасын төкті» деген фразеологизм қандай мағынада айтылады?
Адамның күйзелісі немесе өкініші жасанды екенін сипаттау үшін.
5. Неліктен қолтырауынның көзінен үнемі жас ағып тұрады?
Оның бүйрегі жетілмегендіктен, артық тұзды шығаратын айрықша бездер көзінің жанында орналасқан.
6. Адам өмір бойы орта есеппен қанша тамақ пен сусын тұтынады?
Ондаған тонна тамақ жеп, сонша мөлшерде сусын ішеді.
7. Органикалық зат алмасудың соңғы өнімдеріне қандай қосылыстар жатады?
Аммиак, несепнәр, несеп қышқылы және т.б.