🔹 1-топ: Қазақстанның су ресурстары мен су объектілері
1. Қоршаған орта, табиғат пен биосфераның тіршілік үшін баға жетпес шынайы компоненті не?
Су.
2. Қазақстан Республикасында қанша өзен мен уақытша ағын сулар бар?
85 мыңнан астам өзен мен уақытша ағын сулар бар.
3. Қазақстанда ұзындығы 10 км-ден асатын өзендер саны қанша?
11,5 мыңы.
4. Еліміздегі ең ірі өзендерді атаңыз?
Ертіс, Жайық, Есіл, Тобыл.
5. Оңтүстік пен Орталық Қазақстанның ағынсыз аудандарынан қандай өзендер ағып өтеді?
Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу.
6. Қазақстан шегінде орналасқан қандай ірі тұйық суқоймаларды білесіз?
Арал теңізі және Балқаш көлі.
7. Жерүсті суының сапасына адамның қандай іс-әрекеттері әсер етеді?
Ауылшаруашылығы, су көлігі, өнеркәсіпті, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты дамыту.
🔹 2-топ: Судың ластануы және оны тұтыну салалары
1. Суды негізгі ластаушылар болып не табылады?
Өнеркәсіп және ауылшаруашылығы.
2. Қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында пайдаланылған сулар суқойманың ластаушы заттарының шамамен қанша пайызын құрайды?
15–20%-ын құрайды.
3. Айтарлықтай су тапшылығы еліміздің қай аймақтарында байқалады?
Батысы мен оңтүстігінде.
4. Еліміздегі ең негізгі су тұтынушы сала қайсысы және оның үлесі қанша?
Суармалы егіншаруашылығы (72%).
5. Өнеркәсіп пен коммуналдық шаруашылықтың суды тұтыну үлесі қандай?
Өнеркәсіп – 29%, коммуналдық шаруашылық – 6,0%.
6. Суармалы егіншаруашылығында судың шығыны қанша есе артық байқалады?
1,5–2 есе артық шығыны байқалады.
7. Суармалы жердің аумағын ұлғайту жер бетіндегі суға қалай әсер етеді?
Судың сапасы мен көлеміне жағымсыз әсер етеді.
🔹 3-топ: Семей полигоны және тұрмыстық қалдықтар мәселесі
1. Семей ядролық сынақ полигонында сынақ қанша жыл бойы жүргізілді?
40 жыл бойы.
2. Семей полигонына іргелес жатқан қай облыстардың аудандары экологиялық апат аймағы болып танылды?
Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
3. Қазіргі таңда Семей полигоны аумағында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Ауылшаруашылық, тау-кен өндірісі және геологиялық барлау жұмыстары.
4. Тасталған қалдық тұрғысынан табиғаттың ең басты жауы болып не табылады?
Қалалар.
5. Қоқысты жаққан кезде атмосфераға қандай қауіпті заттар бөлінеді?
Ісік ауруын тудыратын улы заттар мен органикалық хлор бөлінеді.
6. Ластанған суқоймалардан су ішкен жануарлар мен балықтарға қандай қауіп төнеді?
Жануарлар қауіпті ауру тудыратын химиялық қосылыстарды қабылдайды, ал балықтар лас ортада тіршілік етуге мәжбүр болады.
7. Қалдықты өртейтін зауыттар құру қоршаған ортаға пайдалы ма?
Жоқ, ортаны жақсартпайды, керісінше тіршілік әлемін жоғалтуға әкеледі.