🔹 1-топ: Қысым және жәндіктер мен тікенділердегі бейімделу
1. Қысым неге байланысты болады?
Денеге әсер ететін күш пен сол беттің ауданына байланысты.
2. Аудан кіші болған сайын қысым қалай өзгереді?
Аудан кіші болған сайын қысым көбірек болады.
3. Кірпі өзінің тікенектерін не үшін пайдаланады?
Қорғану үшін және алма, саңырауқұлақ сияқты тамағын тасу үшін.
4. Кірпі тікендерінің үлкен қысымды көтеруіне не мүмкіндік береді?
Тікендерінің азғантай көлемі (ауданы).
5. Сона мен ара теріні қалай теседі?
Жіңішке мұртшасымен теріні тесіп, үлкен қысым тудырады.
6. Өзінің мұртшасымен ең үлкен қысым тудыратын жәндік қайсысы?
Маса.
7. Маса теріні тескендегі қысым атмосфералық қысымнан қанша есе көп?
Миллиард есе көп.
🔹 2-топ: Құрлық жануарларының қысымды азайту тәсілдері
1. Түйе аяғының құрылысы құмда жүруге қалай көмектеседі?
Аяқтары жалпақ табанды болып, беттің ауданын ұлғайтады және қысымды азайтады.
2. Түйеқұстың аяқтары қандай максималды жылдамдыққа мүмкіндік береді?
20 м/с дейін арттыруға мүмкіндік береді.
3. Пілдің табанының астында қандай ерекше қабат бар?
Иілгіш талшықтары бар желе тәрізді қабат бар.
4. Піл аяғын басқан кезде желе тәрізді массада не өзгереді?
Серіппелі масса бүкіл денені көтеріп, жайылады да көлемі ұлғаяды, қысым азаяды.
5. Жыртқыштардың ішінде ең аз қысым түсіретін жануар қайсысы?
Құну.
6. Құнудың жұмсақ қардың үстінде жылдам қозғалу себебі неде?
Табанының аяқ-басы түкті әрі жалпақ болғандықтан қысым азаяды.
7. Жыртқыштардың өткір тырнақтары қандай қағидаға негізделген?
Ауданы кіші болып, қысымды ұлғайту қағидасына.
🔹 3-топ: Су асты әлемі және атмосфералық қысымды пайдалану
1. Көк киттің ұзындығы мен салмағы қаншаға жетеді?
Ұзындығы 30 м-ге, ал салмағы 160 тоннаға дейін жетеді.
2. Кит өкпесінің адам өкпесінен айырмашылығы неде?
Киттің өкпесі шеміршекпен жарақталған, сондықтан қысымға берілмейді.
3. Сүңгіген кезде киттің жүрек соғысы қалай өзгереді?
Жүректің соғысы екі есеге дерлік баяулайды.
4. Тереңдегі торсылдағы жоқ балықтардың орташа ұзындығы қанша?
Шамамен 12 см.
5. Шыбындар төбеде өрмелеп жүргенде вакуум қай жерде түзіледі?
Шыбынның жабысқыштары мен төбе бетінің ортасында түзіледі.
6. Піл суды қалай ішеді?
Тұмсығын түсіріп, ауаны сорады, атмосфералық қысыммен тұмсығы суға толады.
7. Дала бүркіті өз қорегіне қандай жылдамдықпен құлдырап түсе алады?
200 км/сағ жылдамдықпен.