🔹 1-топ: Экология және тіршілік ортасы
1. Экология дегеніміз не?
Тірі организмдердің өзара бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым.
2. Тіршілік иелерінің өзара әрекеттесуі қандай түрлерге бөлінеді?
Түрішілік және түраралық болып бөлінеді.
3. Жер бетінде тіршілік қай аралықтарда кездеседі?
Полярлық мұзды суықтан сусыз шөл даланың аптап ыстығына, биік таулардан теңіз түбіне дейін.
4. Тірі организмдердің көптеген түрінің пайда болуына не себеп болды?
Табиғи ортаның бай түрткіжайттары, түрлі географиялық және климаттық жағдайлар.
5. Экожүйелердің басты шектеуші түрткіжайттарына нелер жатады?
Температура, ылғалдылық және қоректің жетіспеуі.
6. Жылдық жауын-шашын мөлшері қандай шекте болуы мүмкін?
0-ден бастап 250 және одан да көп миллиметр шегінде.
7. Экожүйедегі бірегейлік қалай қалыптасады?
Климаттық айырмашылықтар, жауын-шашын мөлшері мен температураның құбылуына орай.
🔹 2-топ: Тропиктік орман экожүйесі
1. Тропик орманы қандай климаттың әсерінен пайда болды?
Жыл бойы өзгермейтін ыстық климат пен мол жауын-шашынның әсерінен.
2. Көлемді ағаштардың түбінде қандай микроклимат түзіледі?
Қараңғы, ылғалды және таңғаларлық тұрақты микроклимат.
3. Тропиктік орманның өсімдік жабынына нелер жатады?
Өте алуан түрлі ағаштар, бұталар мен лианалар.
4. Ағашта жүретін жануарлардың дене құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
Тұяғы мықты, аяқ-қолдары мен құйрықтары жабысқыш келеді.
5. Кейбір ағаш жануарларының қозғалуына көмектесетін қандай мүшесі бар?
Ұшатын жарғақ қанаттары бар.
6. Тропиктегі омыртқасыздардың сыртқы белгілері қандай?
Жеткілікті мөлшерде ірі, пішіні мен түсі алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
7. Тропик орманында кездесетін омыртқасыздарға қандай жәндіктер жатады?
Құмырысқа, аққұмырысқа, көпаяқтылар және көбелектер.
🔹 3-топ: Далалық зона және оның тіршілігі
1. Далалық жердің басты ерекшелігі неде?
Жауын-шашынның белгілі бір маусымда болуы және басқа кезеңде құрғақшылықтың басымдығы.
2. Далада ағаштардың өсуіне не кедергі келтіреді?
Жылдың белгілі бір кезеңіндегі құрғақшылық пен температураның құбылмалылығы.
3. Далалық жерде өсімдіктер үшін ең қолайлы уақыт қай мезгіл?
Топырақта еріген қардың ылғалы сақталатын көктем мезгілі.
4. Далалық зонада тығыз өсетін қандай шөптесін өсімдіктерді білесіз?
Бетеге, селеу, қоңырбас, қоңырот, сұлыбас.
5. Даладағы тұяқты жануарлардың (мысалы, бөкеннің) бейімделгіштігі қандай?
Өткір көзді және жылдам әрі ұзақ жүгіруге бейім.
6. Далалық жерде інді күрделі етіп қазатын қандай кеміргіштер бар?
Сарышұнақ, суыр және көртышқан.
7. Жаздың ортасынан бастап дала табиғатында қандай өзгеріс болады?
Құрғақшылықтан шөптер күйіп, жерді аңызақ жел кептіріп жібереді.