🔹 1-топ: Тітіркенгіштік және өсімдіктер реакциясы
1. Тірі организмдер қоршаған ортадағы өзгерістерге қалай жауап қайтарады?
Қандай да бір іс-әрекетпен жауап қайтарады.
2. Организмнің сыртқы әсерлерге жауап қайтару қабілеттілігі қалай аталады?
Тітіркенгіштік деп аталады.
3. Тітіркенгіштік қасиеті кімдерге тән?
Барлық тіршілік иелеріне (өсімдіктерге де, жануарларға да) ортақ.
4. Тітіркенгіштік қасиетінің тірі организмдер үшін маңызы қандай?
Қоршаған ортаның өзгерген жағдайына бейімделуге және өмір сүруге көмектеседі.
5. Мимоза бұтасының жапырағына қол тигізгенде не орын алады?
Олар механикалық тітіркендіруге жауап ретінде бүктеліп, жиырыла бастайды.
6. Мимоза жапырақтарының жиырылуы нені білдіреді?
Қозғалыс реакциясы арқылы тітіркенуді білдіреді.
7. Өсімдік тітіркенгіштігінің мимозадан өзге тағы бір мысалы қандай?
Жарыққа бұрылу.
🔹 2-топ: Қарапайымдылардың реакциясы
1. Қарапайымдылар ортадағы қандай заттың шоғыры өзгеруіне әсерін білдіреді?
Тұз шоғырының өзгеруіне.
2. Амебалар бар тамшыға тұз кесегін салса не болады?
Олар жиырылып алады.
3. Тұз кесегін салған кезде кірпікшелі кебісше қай жаққа жүзіп кетеді?
Тұз шоғыры аз жаққа жүзіп кетеді.
4. Қарапайымдылардың бұл әрекеттері ненің көрінісі болып табылады?
Сыртқы тітіркендіргішке (тұзға) жауап кайтару реакциясы.
5. Амеба мен кірпікшелі кебісшенің тұзға реакциясының айырмашылығы неде?
Амеба жиырылып қалады, ал кірпікшелі кебісше туз аз жаққа жүзіп кетеді.
6. Қарапайымдарда жүйке жүйесі бар ма?
Жоқ, олар жүйке жүйесіз-ақ жасуша деңгейінде тітіркенгіштік білдіреді.
7. Судағы тұз концентрациясының өзгеруі қарапайымдылар үшін нені білдіреді?
Сыртқы ортаның тітіркендіргіш факторын.
🔹 3-топ: Жүйке жүйесі және рефлекс
1. Организмнің жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?
Бүкіл жүйенің іс-әрекетін реттейді және ішкі, сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне жауап береді.
2. Жүйке жүйесі ұйымдасуының ең қарапайым типі қандай?
Диффузиялық жүйке жүйесі.
3. Диффузиялық жүйке жүйесі қандай ағзаларға тән?
Ішекқуыстыларға (мысалы, тұйық суда мекендейтін гидраға).
4. Рефлекс дегеніміз не?
Организмнің жүйке жүйесінің қатысуымен жүзеге асырылатын тітіркенуге жауап реакциясы.
5. Жауынқұрттың жүйке жүйесі қандай типке жатады?
Түйінді типті жүйке жүйесі.
6. Жауынқұртта жүйке жасушалары не түзеді?
Түйін түзеді.
7. Жауынқұрттың түйінді жүйке жүйесі неден тұрады?
Жұтқыншақ жанындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.