🌍 Топтық тапсырмалар: Тірі организмдерде нәрлендіргіш заттардың тасмалдануы

🔹 1-топ: Заттардың тасымалдануы және өсімдіктердегі қозғалыс

1. Заттардың тасымалдануы дегеніміз не?
Қажетті заттардың организмде жасушаларға және жасушалардың ішіне жеткізілуі мен пайдаланылған заттардың организмнен шығарылу үдерісі.
2. Біржасушалы организмдерде заттарды тасымалдау мен жою қалай жүзеге асады?
Цитоплазма қозғалысының нәтижесінде жүзеге асады.
3. Өсімдіктерде су мен минералды заттар не бойымен қозғалады?
Түтікше бойымен қозғалады (тамырдан басталып, сабақ арқылы жапыраққа жетеді).
4. Жапырақтан басқа мүшелерге органикалық заттар не арқылы тасымалданады?
Қабықтың ішкі жағында орналасқан ұсақ саңылаулы түтікшелер арқылы.
5. Бұтақты сия қосылған суға салғанда ағаштың қай қабаты түсін өзгертеді?
Ағаш сүрегінің қабаты түсін өзгереді (қабығы мен өзегі өзгеріссіз қалады).
6. Сабақ бойымен су мен минералды тұздарды не таратады?
Сүректің құрамындағы өсімдік түтікшелері (ұзын қуыстар).
7. Ұсақ саңылаулы түтікшелердің құрылысы қандай болады?
Ішкі көлденең қуысы елеуке ұқсас саңылауға толы жанды ұзын жасушалар түрінде болады.

🔹 2-топ: Жануарлар мен адамның қанайналым жүйесі

1. Жануарлар мен адамда ағзаларға оттек пен нәрлендіргіш заттарды не тасымалдайды?
Қантамыр (қанайналым) жүйесі.
2. Артериялар қандай қызмет атқарады?
Қанды жүректен дене тіндеріне апарады.
3. Жүрекке қанды қайтаратын тамырларды қалай атайды?
Күретамырлар.
4. Артерия мен күретамырларды не жалғап тұрады?
Қылтамырлар.
5. Тіндерден сұйықтықтың ағып шығуын қамтамасыз ететін тамырлар қалай аталады?
Лимфа жолдары.
6. Адам денесіндегі қылтамырларды бір сызыққа созса, ұзындығы қаншаға жетеді?
60–80 мың километрге жетеді (Жер экваторынан екі есе ұзын).
7. Адам денесінде қанша қылтамыр бар?
100–160 млрд қылтамыр (жіңішке тамыр) бар.

🔹 3-топ: Адам организміндегі нәрлендіргіш заттар

1. Ақуыздардың адам организміндегі негізгі атқаратын қызметі қандай?
Бой өсіреді, тозған жасушаларды қалпына келтіріп, алмастыру үшін қажет.
2. Ақуыздар қандай тағам өнімдерінде мол болады?
Етте, балықта, жұмыртқада, сүт пен ірімшікте.
3. Көмірсулардың басты қызметі неде?
Адам организмін энергиямен қамтамасыз ету (глюкоза мен крахмал).
4. Майлардың организм үшін маңызы қандай?
Энергияның басты көздерінің бірі болып табылады және организмді қалпына келтіру үдерісіне белсене қатысады.
5. Минералдық заттар организмде неге қатысады?
Зат алмасуына қатысады.
6. Қанның көмірқышқыл газдан тазартылуы қай мүшеде жүреді?
Тыныс алу мүшелерінде.
7. Қанайналым жүйесіндегі «сұйық тінге» нелер жатады?
Қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы.