🔹 1-топ: Жасуша түсінігі және оның шығу тегі
1. Жасуша дегеніміз не?
Өсімдіктер мен жануарлар организмінің ең кішкентай құрылымдық бірлігі.
2. «Жасуша» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
«hitos» – қуыс дегенді білдіреді.
3. Жасушалар қандай ағзаларда кездеседі?
Әрбір организмде: адамда, өсімдіктерде және жануарларда болады.
4. Жасуша санына қарай организмдер қалай бөлінеді?
Біржасушалы және көпжасушалы болып бөлінеді.
5. Көпшілік жасушалардың басты ерекшелігі қандай?
Олар құралсыз көзге көрінбейтін, өте кішкентай құрылымдық бірлік болып табылады.
6. Жасушаның құрылымын зерттейтін ғылым қалай аталады?
Цитология.
7. Қай өсімдік әлемінің өкілдерінде жасушалар әлдеқайда анық көрінеді?
Жекелеген өсімдіктер әлемінің өкілдерінде.
🔹 2-топ: Жасушаның ашылу тарихы (Роберт Гук)
1. Жасушаны алғаш көрген ғалым кім?
Ағылшын жаратылыстанушысы әрі өнертапқыш Роберт Гук (1635–1703).
2. Роберт Гук өзінің ашылуын қай кітабында және қай жылы сипаттады?
1665 жылы жарық көрген «Micrographia» кітабында.
3. Роберт Гук зерттеу үшін нені кесіп алды?
Ашық түсті жақсы бір тығынның өте жұқа тілімін.
4. Тығын тілімін ол қайда қойып зерттеді?
Қара түсті шынының үстіне қойды.
5. Жарық түсіру арқылы ғалым қандай құрылымды көрді?
Араның балауызы тәрізді саңылаулар мен тесіктерге толы екендігін көрді.
6. Роберт Гук әртүрлі қатарларда қанша тесік санады?
Шамамен 50–60 қатар.
7. Ғалым тапқан ұяшықтарын ағылшынша қалай атады?
«cell» – ұяшық, жасуша.
🔹 3-топ: Жасушалардың саны мен өлшемдері
1. 1 текше дюймда қанша ұсақ жасуша орналасқан?
1259 миллион жасуша.
2. Роберт Гук тығыннан кейін тағы қандай өсімдіктерді зерттеп көрді?
Ағаш өзегін, аскөкті, сәбізді, шалқанды және т.б. қуыс сабақтарды.
3. Ағаштың бір жапырағының өзінде қанша жасуша бар?
100 миллионнан астам жасуша бар.
4. Өсімдіктердің көпшілік жасушаларының өлшемі қандай болады?
0,01 – 0,1 мм шегінде болады.
5. Көзге құралсыз көрінетін жасушаға қандай өсімдік мысал болады?
Апельсиннің ішкі жұмсақ бөлігінің жасушалары.
6. Тығын тілімін кесу үшін Роберт Гук қандай құралды пайдаланды?
Өткір шаппалы пышақты.
7. Өсімдік өзегі мен тіндерінің ұқсастығын анықтауға не көмектесті?
Микроскоп пен жазықтау дөңес шыны линза.