🔹 1-топ: Экожүйе түсінігі және оның дамуы
1. Табиғи нысанның жыл ішіндегі келбетінің өзгеруіне не мысал болады?
Күнге күйген дала қызғалдақтарының, жауқазындардың және қысқы/күзгі орманның түсінің өзгеруі.
2. Экожүйе дегеніміз қандай жүйе?
Тұрақты, өздігінен реттелетін және үнемі даму үстінде болатын жүйе.
3. Экожүйенің даму үдерісінде қандай өзгерістер орын алады?
Сандық және сапалық ауысулар түріндегі өзгерістер орын алады.
4. Экожүйенің дамуының негізінде не жатады?
Экожүйе биоценозының құрамына кіретін бірлестіктердің (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ, микробиологиялық) ауысуы жатады.
5. Көлдегі «қоқыстың» толықтай өңделмеу себебі неде?
Көлде заттар айналымының тұйықталмағандығынан.
6. Көлдің орынында шалғын пайда болу реті қалай жүреді?
Көл батпаққа (сазға) айналып, шымтезек түзіледі, суы азайған соң ылғалсүйгіш және шалғындық шөптер өседі.
7. Шалғын аймақтың далалы орманға айналу себебі неде?
Шалғында айналым тұйықталмай, бұталар мен ағаштар қаптап өсіп, топырағы қатаяды.
🔹 2-топ: Бірлестіктердің ауысу факторлары мен Адам әсері
1. Табиғат бірлестіктерінің ауысуына қандай факторлар әсер етеді?
Биотикалық, абиотикалық түрткіжайттар және адамның әсері.
2. Организмдердің тіршілік әрекетінен бірлестіктердің ауысуы қанша уақытқа созылады?
Жүздеген, мыңдаған жылдарға созылады.
3. Адамның іс-әрекетінен туындаған бірлестіктердің ауысуы қандай жылдамдықпен жүреді?
Жылдам, бірнеше жылдың ішінде жүзеге асады.
4. Экожүйенің шамадан тыс жылдам дамуы қандай салдарға әкеледі?
Түрлердің алуантүрлілігінің азаюына, өзін-өзі реттеу және тұрақтылық үдерістерінің тежелуіне әкеледі.
5. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан далаларына не үлкен зиян тигізді?
Тың жерлерді жырту (көптеген жәндіктер, сүтқоректілер мен шөп түрлері жойылды).
6. Малды бір жерде тұрақты жаю экожүйені қалай өзгертеді?
Жемейтін шөптер (жусан, ошаған) көбейіп, малазықтық шөптер азаяды, түрлік құрамы төмендейді.
7. Адамдар бозды-бетегелі даланы және алқаптық шабындықтарды неге айналдырды?
Даланы егістікке, ал шабындықтарды суқоймаға айналдырды.
🔹 3-топ: Экологиялық жағдайлар және Табиғи апаттар
1. XIX ғасырда Америкадан Аустралияға неге опунция кактусы әкелінді?
Жайылымдарға тікенекті қоршау жасау үшін.
2. Аустралиядағы опунция кактусының шамадан тыс көбейін кімдер тоқтатты?
Опунциямен қоректенетін откөбелек пен жұлдызқұрт.
3. Жер бетіндегі табиғи апаттар экожүйеге қалай әсер етеді?
Олар экожүйені бұзады (орман өрттері, топырақтың көшуі, т.б.).
4. Егер табиғатта өз жарақатын өзі емдеу тетігі болмаса не болар еді?
Жер бетінде тіршіліксіз, жансыз тау жыныстары қалар еді.
5. Тірі организмдердің тіршілік ету ортасына қандай табиғи құбылыстар үлкен әсер етеді?
Климаттың шұғыл өзгеруі, күн белсенділігі, тау түзілу үдерістері мен жанартаудың атқылауы.
6. Жауын-шашын мол түскен кезеңдерде қандай ормандар кең таралған?
Ылғалды тропик ормандары.
7. Құрлықтың көтерілуі (тектоникалық үдерістер) қандай салдарға әкелді?
Құрғақ климат дамып, ормандар саванна мен далаға айналды, шөлдер пайда болды.