Интерактивті топтық тапсырмалар мен білімді тексеру
Тау жыныстары — бір немесе бірнеше минералдардан құралған табиғи заттар.
Минерал — бір немесе бірнеше химиялық элементтердің атомдары мен молекулаларынан тұратын табиғи химиялық қосылыс.
Минералдардың түсі химиялық құрамына, құрылыс ерекшеліктеріне және құрамындағы қоспаларға байланысты болады.
Малахит — жасыл, ал азурит — көк түсті минерал. Олардың түсі өздеріне тән негізгі белгілердің бірі болып саналады.
Жоқ. Кейбір минералдардың түсі жарыққа байланысты өзгеруі мүмкін. Сондықтан түсімен қатар сызылуын, жылтырлығын, қаттылығын және басқа қасиеттерін де тексеру қажет.
Сызылу түсі — минералды фарфор тақтаға үйкегенде қалатын ұнтақтың түсі. Ол минералдың кесек күйіндегі түсінен өзгеше болуы мүмкін.
Минералды таза фарфор тақтаның бетіне үйкеп, қалған іздің түсін бақылайды. Бұл сырттай ұқсас минералдарды ажыратуға көмектеседі.
Магнетит қара, гематит қызыл, ал лимонит сары түсті із қалдырады. Сызылу түсі оларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.
Жылтырлық — минералдардың жарық сәулесін шағылыстыру, сындыру және жұту қабілеттеріне байланысты байқалатын физикалық қасиеті. Шағылыстыру қабілеті күшті болса, жылтырлығы да жоғары болады.
Мөлдірлік — минералдың жарықты өткізу қасиеті. Тау хрусталі мөлдір, халцедон жартылай мөлдір, ал пирит мөлдір емес минералдарға жатады.
Қаттылық — минералдың тырнап сызу, қысу сияқты сыртқы механикалық әсерлерге төтеп беру дәрежесі.
Моос шкаласы минералдардың салыстырмалы қаттылығын анықтауға арналған. Онда 10 минерал бар: ең жұмсағы 1, ең қаттысы 10 санымен белгіленген.
Қаттылықты анықтауда тырнақ, мыс тиын, шыны және болат пышақ сияқты заттар пайдаланылады. Тырнақтың қаттылығы шамамен 2–2,5, мыс тиындікі 3,5–4, шыныныкі 5, ал болат пышақтікі 6 деп алынады.
Минералды сындырғанда оның сынықтары әртүрлі пішінде бөлшектенеді. Мысалы, кварц ұлу қабыршағына ұқсас сынықтар түзсе, кейбір минералдар ұсақ түйіршіктер түрінде шашырайды.
Жасанды минералдар зертханалық жағдайда алынады. Олардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері табиғи минералдарға ұқсас болуы мүмкін. Мысалы, жасанды кварц, рубин, сапфир, алмаз және малахит алынады. Минералдар шаруашылықтың көптеген салаларында қолданылады.