Қазақ хандығы туралы
Қазақ хандығы — XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен құрылған алғашқы қазақ мемлекеті. Бұл кезең қазақ халқының этникалық және саяси тұрғыда бірігуінің бастауы болды. Қазақ хандығының құрылуы Дешті Қыпшақ даласында XV ғасырда орын алған маңызды тарихи оқиға болып саналады. Хандықтың астанасы алғашында Шу мен Талас өзендері бойында орналасты. Кейіннен Қазақ хандығының аумағы кеңейіп, XVІ ғасырда Қасым хан тұсында ең қуатты мемлекеттердің біріне айналды.