Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру — мектептегі білім сапасын камтамасыз етудің бас бағыты. Мектеп менеджменті деңгейінде әдістемелік, мониторингтік және ресурстық қолдауды жүйелендірудің кешенді бағдарламасы.
Мектепте сапалы білім ортасын құру ең алдымен басқару аппаратының стратегиялық жоспарлауынан басталады. Оқу сауаттылығы — бұл тек қана оқу пәні емес, ол барлық ғылымдарды ұғынудың және тұлғалық дамудың іргетасы. Басқару тетігі ретінде мектепті дамыту бағдарламасына оқу сауаттылығын арттырудың пәнаралық концепциясы енгізіледі. Бұл жүйе әрбір пән мұғалімінің сабақта мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруын міндеттейді.
Сапалы оқу ортасын қалыптастыру үшін мектеп әкімшілігі білім алушыларды заманауи оқу материалдарымен қамтамасыз ету тетігін жолға қояды. Қазiргi білім беру стандарты тұтас мәтіндермен (көркем және ғылыми-популярлы әдебиет) қатар, тұтас емес мәтіндерді (графиктер, кестелер, инфографикалар, диаграммалар, карталар) кеңінен қолдануды талап етеді.
Мектеп ресурстық орталығы ретінде әрбір параграф пен сабаққа арналған үш деңгейлі (ақпаратты табу, оны интерпретациялау және оған сыни баға беру) тапсырмалар банкін қалыптастырады. Басқару тетігі мұғалімдердің дайын дидактикалық материалдарды оқу процесінде тиімді қолдануын қадағалайды.
Оқу сауаттылығын арттыру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Мектеп менеджменті мұғалімдердің біліктілігін үздіксіз көтеру үшін ішкі корпоративтік оқытуды ұйымдастырады. Мұнда «Lesson Study» (Сабақты зерттеу) және «Action Research» (Іс-әрекеттегі зерттеу) сияқты заманауи әдістемелік тәсілдер басқарудың басты құралына айналады.
Қазіргі цифрлық қоғамда оқу сауаттылығы тек қағаздағы мәтінді оқумен шектелмейді. Басқару тетігі оқушылардың сандық (электронды) оқу сауаттылығын қалыптастыруды қамтиды. Интернет желісіндегі гипероқу, көпжақты мәтіндерді оқып, ондағы фейк ақпарат пен шынайы фактіні ажырату (Fact-checking) — сапалы білім беру ортасының ажырамас бөлігі.
Мектепшілік бағалау жүйесі PISA және PIRLS халықаралық зерттеулерінің индикаторларымен сәйкестендіріледі. Бұл оқушылардың алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сапалы білім беру ортасы әрбір оқушының жеке даму траекториясын ескеруді талап етеді. Басқару тетігі ретінде тоқсан сайын оқу сауаттылығының деңгейін анықтайтын мектепшілік кешенді мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижесі бойынша оқу сауаттылығы төмен оқушылармен деңгейлік және сараланған қолдау жұмыстары жүргізілсе, жоғары деңгейдегі оқушыларға зерттеушілік пен шығармашылық бағыттағы тапсырмалар беріледі.