6.1 Тақырып
Етістік не істей алады?
Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін білдіретін негізгі сөз табы. Сөйлемге жан беретін, оның ішкі энергиясы мен динамикасын көрсететін басты элемент.
Дара және Күрделі
Етістіктер құрамына қарай екіге бөлінеді:
- Дара етістік: Бір ғана сөзден тұрады.
Мысалы: оқыды, жазды, келді. - Күрделі етістік: Екі не одан да көп сөзден құралады.
Мысалы: оқып шықты, бара жатыр.
Негізгі және Туынды
Түбіріне байланысты жіктелуі:
- Негізгі етістік: Негізгі түбірден тұрады.
Мысалы: бар, кел, оқы, көш. - Туынды етістік: Жұрнақ арқылы жасалады (-ла,-ле,-а,-е...).
Мысалы: ой-ла, тап-та, бас-та.
Болымды және Болымсыз
Мағынасына қарай бөлінуі:
- Болымды: Іс-әрекеттің жүзеге асатынын білдіреді.
Мысалы: тыңда, сөйле, жүгір. - Болымсыз: -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтарымен жасалады.
Мысалы: тыңда-ма, сөйле-ме.
Етістіктің шақтары (Үш шақ)
Өткен шақ
Іс-әрекеттің бұрын болып өткенін білдіреді.
"Ол кеше кітапты оқып қойды."
Осы шақ
Іс-әрекеттің дәл қазір орындалып жатқанын көрсетеді.
"Ол қазір тапсырманы орындап отыр."
Келер шақ
Іс-әрекеттің кейін, болашақта орындалатынын көрсетеді.
"Ертең біз мектепке борамыз."