1. География ғылымының басты ерекшеліктері
География ғылымының зерттеу нысаны – географиялық қабық. Адамзат игерген бөлігі географиялық орта деп аталады. Бұл – табиғи және қоғамдық жағдайлар мен үдерістердің күрделі жүйесі. Ол өте ауқымды, қарама-қайшылыққа толы біртұтас әлем болып саналады.География ғылымының салалары
География ғылымы құрылымы жағынан біртұтас болғанымен, бірнеше салаларға бөлінеді. Себебі географиялық ортаның күрделілігі оны зерттейтін ғылымның да сан-салалы болуына әсер етеді. География ғылымы келесі төрт топтағы ғылым салаларынан тұрады:Физикалық-географиялық ғылымдар
– географиялық қабықтың жалпы заңдылықтары мен оның жекелеген бөліктерін зерттейді. Қоғамдық-географиялық ғылымдар – географиялық ортада қоғамның аумақтық ұйымдасуын зерттейтін ғылым салалары. Бұл топтағы салалар демография, саясаттану сияқты қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Табиғи-қоғамдық география – табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарды зерттейді.Картография
– техникалық ғылым саласына жатқызылғанымен, география ғылымымен тығыз байланысты. Себебі ол географиялық нысандардың кеңістіктік моделін жасайды. География ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулер Ежелден келе жатқан ғылымдардың бірі ретінде география қоғамның "тапсырыстарына" үнемі жауап беріп келеді. Қазіргі таңда география тек сипаттайтын емес, сонымен қатар түсіндіретін, модельдейтін және болжайтын ғылымға айналды. Жер шары кеңістігінің шектеулігі мен жаһандық мәселелердің күрделене түсуі география ғылымының адамзат болашағына қатысты маңызды мәселелерді шешуге атсалысуын қажет етеді. География ғылымының маңызды зерттеу бағыттары: Табиғатты пайдалану және қорғау мәселелері – құрлықтар мен мұхиттардың табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және аумақтық экологиялық мәселелерді шешуге жол ашады. Қоғамның өндіргіш күштерінің аумақтық ұйымдасуын зерттеу – табиғи және әлеуметтік-экономикалық құрылымдарды анықтауға мүмкіндік береді.Тұрақты дамудың кеңістіктік элементтерін қамтамасыз ету
– экологиялық, әлеуметтік, ұлттық, саяси және әскери жанжалдар мен апаттардың қауіп-қатерін азайтуға бағытталған. Қолданбалы картографиялық зерттеулер – қазіргі геоақпараттық жүйелердің көмегімен географиялық карталарды кеңінен қолдануға жол ашты. Сандық карталар жасау барысында статистикалық, жедел және ғарыштық деректер пайдаланылады. Бұл құбылыстар мен нысандарды танып-білуге, олардың өзгерістерін бақылап, болжауға мүмкіндік береді. Урбандалу және демографиялық өзгерістерді зерттеу – қазіргі әлем дамуы адамзат өркениетінің орталықтары – қалалармен тығыз байланысты. Дүниежүзілік және аймақтық деңгейде демографиялық өзгерістер мен қалалардың даму заңдылықтарын зерттеу – география ғылымының аса маңызды бағыты.
Төмендегі картадан Алматы қаласын табыңдар: