1. География зерттеу әдістері
Қазіргі ғылым – адамзат білімінің күрделі жүйесі. Ол: жаратылыстану, қоғамдық-гуманитарлық, техникалық ғылымдар болып, үш үлкен топқа бөлінеді. География – көне грек тілінен аударғанда "жерді сипаттау" деген мағына береді: гео – жер, графо – жазамын. Бұл терминді алғаш (б.з.д. III ғасырда) көне грек ғалымы Эратосфен енгізген. География – Жер қойнауын, жер бедерін, климатты, мұхиттар мен теңіздерді, топырақ пен өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің таралуын, халықтың қоныстану заңдылықтарын, дүниежүзілік шаруашылықты зерттейтін ғылымдар кешені.Географияның негізгі зерттеу нысандары:
Жердің геосфералары (литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера), Геожүйелері (ландшафттар, табиғи-аумақтық кешендер, шаруашылық жүйелері және т.б.). География – табиғат құбылыстарын зерттейтін физикалық география және адам өміріне байланысты ерекшеліктерді зерттейтін әлеуметтік-экономикалық география салаларынан тұратын бірегей ғылым.География нені зерттейтінін нақты білуіміз қажет.
Мысалы: Ботаник өсімдіктерді зерттейді, бірақ оларды географ та қарастырады. Зоолог жануарларды зерттейді, бірақ географ та зерттейді. Сәулетшілер қала салады, бірақ географтар қаланың орналасуын сипаттайды. Сонда арнайы ғылым салалары зерттеп жатқан нысандар болса, географтар не үшін қажет? – деген сұрақ туындайды.География не істейді?
Жер бетіндегі әрбір нысанның өз мекенжайы бар. Географтар оны географиялық орны деп атайды және оны жан-жақты сипаттайды. Мысалы: Қарасай батыр ауылы — Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан. Географиялық координаттары: 42°50′12″ с.е., 75°41′27″ ш.б. Жамбыл облысы – Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі. Қазақстан – Азияда орналасқан ел. Азия – Еуразия құрлығының шығыс бөлігінде. Еуразия – Жер шарының Солтүстік және Шығыс жартышарында орналасқан ең ірі материк. Жер планетасы — Күн жүйесіндегі Күннен үшінші орналасқан ғаламшар.География нені зерттейді?
климат, топырақ, жер бедері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, халық пен шаруашылық, дүние жүзі елдері. Географтар ең алдымен "қайда?" деген сұраққа жауап іздейді. Содан кейін "неге?" деген сұраққа жауап береді.Географияның маңызы:
Табиғат пен адам әрекетінің барлық нысандары өзара тығыз байланысты. Әрбір аумақ өзіне тән ерекшеліктерге ие. Сондықтан географтар табиғат – адам – шаруашылық байланысын зерттейді.Географиялық қабық:
Литосфераның үстіндегі мұхитсыз бөліктерінде де атмосфералық ауа, тау жыныстары, жерасты сулары өзара әрекеттесіп отырады. Литосфера мен су, ауа арасындағы өзара байланыс географиялық қабықтың төменгі шегін белгілейді. Географиялық қабықтың ең жоғарғы бөлігінде – атмосфера. Атмосфера литосферамен тығыз байланыста, өйткені: ол Жердің тартылыс күшімен ұсталып тұрады, оған жанартаулардың газдары мен күлдері енеді. Жанартаулар қатты атқыласа да, олар атмосфераның жоғарғы қабатына жете алмайды. Атмосфера – гидросферамен де тығыз байланысты. Су буланып, белгілі биіктікке дейін көтеріледі де, бұлт түзеді, жаңбыр болып жауады. Метеорологиялық зерттеулер: белгілі бір биіктіктен жоғарыда су буы болмайтынын көрсеткен. Атмосферада биосфераға жататын микроағзалар да кездеседі.
Төмендегі картадан Қазақстанды анықтаңдар: